Былтыр 1400 IT-компания 400 млрд теңге табыс тапқан

© AP Photo / Rebecca BlackwellАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2024
Жазылу
Олжас Бектенов Astana Hub стартап-жобаларымен танысып, дарынды жастарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов ЭКСПО павильонында болып, Astana Hub технопаркінің цифрлық инфрақұрылымын аралады, стартап-жобалармен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінде Tech Orda бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – 2025 жылға қарай 20 мың IT маманын даярлап шығару. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам студент оқуын аяқтап, 2 мың стартап-жоба іске қосылды.
"Astana Hub қатысушылары үшін қолайлы экожүйе құрылды. Қазақстанда сатылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің айналымы бойынша КТС, ЖТС және қосылған құн салығын төлеуден босатуды көздейтін арнайы салық режимі түріндегі преференциялар қолданылады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ IT-компаниялар жұмыс орындарымен және серіктестік бонустармен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік қолдау шараларының барлығы оларға үнемделген қаражатты жобаларды дамыту және ілгерілету үшін қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Бүгінде Astana Hub-та өткен жылы 400 млрд теңге табыс тапқан 1400 IT-компания бар.
Сондай-ақ үкімет басшысы оқытушының қатысуынсыз және дәріссіз 01EduSystem Француз әдістемесі бойынша өзара оқыту қағидаттарына негізделген, Орталық Азиядағы алғашқы ALEM ІТ-бағдарламалау мектебіне барды. Оқу процесі дарынды студенттердің бір-бірімен жобалары мен өзара қарым-қатынасына негізделген. Қазіргі уақытта Alem-де жергілікті және халықаралық компаниялар мен стартаптарда жұмыс істейтін 900-ден астам түлек бар.
Премьер-министр сондай-ақ Astana Hub қатысушыларымен және NU ғылыми қызметкерлерімен кездесті, жасанды интеллект саласындағы бірқатар отандық әзірлемелермен танысып, ғылыми жобаларды коммерцияландыруды арттыру және экономиканың нақты секторымен ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
"Мақсат – 2026 жылға қарай IT-қызметтер мен өнімдер экспортының жыл сайынғы көлемін кемінде $1 млрд деңгейінде қамтамасыз ету. Бүгінде бұл көрсеткіш $529 млн-ды құрайды. Еліміз цифрландыру саласында үлкен жетістікке қол жеткізді. Отандық IT мамандарымыз үздіктер қатарында және біз оларға жаңа серпінді өнімдер жасауға, IT-шешімдердің экспортын жеделдетуге көмектесуіміз керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бағдат Мусин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
IT-мамандарды тарту үшін Digital Nomad Visa жобасы жүзеге асырылады – Мусин
Жаңалықтар
0