Сарапшылар ЕАЭО-да тағам қоспаларының қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылады

© Sputnik / Владислав Воднев Sputnik / Медиабанкке өту ЕАЭО елдерінің тулары
 ЕАЭО елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссия неліктен жаңартылған регламенттен 19 қоспаның алынып тасталғанын түсіндірді
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. ЕЭК-те тағам қоспаларының, хош иістендіргіштердің және технологиялық құралдардың қауіпсіздігі бойынша техникалық регламентке өзгеріс енгізу бастамасын талқылауды Беларусь Мемлекеттік стандарты ұсынды, деп хабарлады комиссия.
ЕЭК регламентке енгізілген өзгерістер оның ережелерінің 70%-на дейін қамтитынын еске салды. Жаңартылған құжат бойынша қалай жұмыс істеу керектігін түсіну үшін комиссияның техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті семинар ұйымдастырды.
"Семинарға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, салалық бизнес-қауымдастықтары мен ұйымдарының 170-тен астам өкілі қатысты", - делінген хабарламада.
Жетекші сала мамандарымен бірлесе отырып, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері ең өзекті мәселелерге түсініктеме берді. Оның ішінде 19 тағамдық қоспаның техникалық регламенттен алыну себептері, ет, сүт, кондитерлік өнімдерде консерванттар, бояғыштар, тәттілендіргіштер, қоюландырғыштарды пайдалану тәртібі жайлы айтылды.
"Жалпы уәкілетті органдар мен бизнес өкілдері 60-тан астам сұраққа түсініктеме берді. Семинар нәтижесінде белгілі бір жаңа талаптарды жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдері бойынша консенсусқа қол жеткізілді", - деп атап өтті ЕЭК.
Жаңалықтар
0