https://sputnik.kz/20240419/qyrgyz-ben-qazaqtay-bir-birine-zhaqyn-khalyq-zhoq-degen-soz-durys-aytylgan--toqaev-43775672.html
"Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз дұрыс айтылған – Тоқаев
"Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз дұрыс айтылған – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты 19.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-19T12:57+0500
2024-04-19T12:57+0500
2024-04-19T12:57+0500
қырғызстан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43775218_15:0:1265:703_1920x0_80_0_0_cfcfac805031ce1b8d0433fbc31a7738.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хбарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр."Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз – алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр", – деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20240419/toqaev-zhaparovpen-aqordada-kezdesti-43774904.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43775218_172:0:1109:703_1920x0_80_0_0_6916e8c0105b5447f16c39f5e4b1a5b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, қасым-жомарт тоқаев
қырғызстан, қасым-жомарт тоқаев
"Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз дұрыс айтылған – Тоқаев
Мемлекет басшысы гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хбарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.
"Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.
"Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз – алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр", – деді мемлекет басшысы.