https://sputnik.kz/20240419/joltap-zhobasy-ayasynda-qysqa-merzimde-kasipti-qalay-mengeruge-bolady-43776486.html
JOLTAP жобасы аясында қысқа мерзімде кәсіпті қалай меңгеруге болады
JOLTAP жобасы аясында қысқа мерзімде кәсіпті қалай меңгеруге болады
Sputnik Қазақстан
Жоба жүзеге асырылған уақытта бірқатар түлек өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелерге ие болды 19.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-19T13:34+0500
2024-04-19T13:34+0500
2024-04-19T13:34+0500
жұмыспен қамту
астана
https://sputnik.kz/img/513/66/5136687_0:139:3073:1867_1920x0_80_0_0_f8db9f9761054e0bcf67cd0659332250.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. JOLTAP жобасының қысқа мерзімді тегін курстарының арқасында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық жаңа мамандық игерді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Жоба жетекшісі Ерасыл Ділдайымның айтуынша, бұл бастама елорданың жұмыссыз тұрғындарын жұмыспен қамту шараларына жауапты. Атап айтқанда қысқа мерзімді оқыту және жұмысқа орналастыруда өзінің тиімділігін көрсетті.Айта кетері, жоба – Астана әкімдігінің бастамасы. Кооператор – "Жаңа Мүмкіндік" қоғамдық қоры. Мынандай мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламалары қарастырылған: бариста, сатушы кассир, әмбебап тамақтандыру қызметкері, тігінші, сәнгер, электр және газбен дәнекерлеуші. Сонымен қатар цифрлық дағдыларды алуға мүмкіндік қарастырылған – таргетинг, SMM, видеомонтаж, маркетплейс, мобилография, графикалық дизайн, веб-дизайн, негізгі цифрлық дағдылар.Қатысушылар таңдай алатын 15 мамандық бар, оқу бағдарламалары еңбек нарығының сұранысы негізінде құрастырылған және мамандыққа байланысты ең қысқа мерзімде – 2 аптадан 1 айға дейін практикалық дағдыларды беруге бағытталған.Қысқа мерзімді курстардың оқытушысы, бариста Тұрар Ілияс бұл мамандықты меңгергісі келетіндердің жеткілікті екенін айтады.Оның үстіне мұндай курстардың көмегімен мамандығыңызды түбегейлі өзгертуге болады. Шығармашылық қызметте өзін сынауға бел буған дәрігер Гүлмира Исмайылова курсқа қатысты. Бойжеткен тігін курстарынан өтіп, болашақта киім дизайнері болуды армандайды."Маған атмосфера қатты ұнайды. Мұғалімдердің жоғары деңгейіне тәнті болдым, жан-жақты және анық түсіндіреді. Уақыт барынша тиімді өтеді. Осы екі сағатта біз көп нәрсеге қол жеткіземіз: сабақтың теориялық бөлігін меңгереміз, оны тәжірибеде қолданамыз", - дейді жоба студенті.Айта кетері, жоба жүзеге асырылған уақытта бірқатар түлек өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелерге ие болды, сонымен қатар өз бизнесін алға жылжыту үшін қажетті цифрлық дағдыларды меңгерді. Бизнес-жобаларға кофеханалар, ательелер мен тұрмыстық дүкендер кіреді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/513/66/5136687_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_30e592259d4df77f5dbf6675c3db60ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыспен қамту, астана
JOLTAP жобасы аясында қысқа мерзімде кәсіпті қалай меңгеруге болады
Жоба жүзеге асырылған уақытта бірқатар түлек өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелерге ие болды
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. JOLTAP жобасының қысқа мерзімді тегін курстарының арқасында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық жаңа мамандық игерді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жоба жетекшісі Ерасыл Ділдайымның айтуынша, бұл бастама елорданың жұмыссыз тұрғындарын жұмыспен қамту шараларына жауапты. Атап айтқанда қысқа мерзімді оқыту және жұмысқа орналастыруда өзінің тиімділігін көрсетті.
"Жобаның мақсатты аудиториясы – NEET жастары, жұмыссыздар және жаңадан көшіп келгендер. Оқытушыларымыздың айтарлықтай тәжірибесі бар, олар – белсенді практиктер. Оқу кабинеттері барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал курстарға жазылу үшін модульдік пунктеріміздің біріне келуіңіз керек", - дейді менеджер.
Айта кетері, жоба – Астана әкімдігінің бастамасы. Кооператор – "Жаңа Мүмкіндік" қоғамдық қоры. Мынандай мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламалары қарастырылған: бариста, сатушы кассир, әмбебап тамақтандыру қызметкері, тігінші, сәнгер, электр және газбен дәнекерлеуші. Сонымен қатар цифрлық дағдыларды алуға мүмкіндік қарастырылған – таргетинг, SMM, видеомонтаж, маркетплейс, мобилография, графикалық дизайн, веб-дизайн, негізгі цифрлық дағдылар.
Қатысушылар таңдай алатын 15 мамандық бар, оқу бағдарламалары еңбек нарығының сұранысы негізінде құрастырылған және мамандыққа байланысты ең қысқа мерзімде – 2 аптадан 1 айға дейін практикалық дағдыларды беруге бағытталған.
Қысқа мерзімді курстардың оқытушысы, бариста Тұрар Ілияс бұл мамандықты меңгергісі келетіндердің жеткілікті екенін айтады.
"Мұнда базалық бариста курстарын үйретеміз. Бұған классикалық эспрессо, капучино, латте және американо кофелерін дайындау кіреді. Бармендік жұмысқа келген адам сол мамандықтың қарапайым дағдыларын меңгеріп, жұмыс барысында біліктілігін шыңдайтындай білім береміз", – деді.
Оның үстіне мұндай курстардың көмегімен мамандығыңызды түбегейлі өзгертуге болады. Шығармашылық қызметте өзін сынауға бел буған дәрігер Гүлмира Исмайылова курсқа қатысты. Бойжеткен тігін курстарынан өтіп, болашақта киім дизайнері болуды армандайды.
"Маған атмосфера қатты ұнайды. Мұғалімдердің жоғары деңгейіне тәнті болдым, жан-жақты және анық түсіндіреді. Уақыт барынша тиімді өтеді. Осы екі сағатта біз көп нәрсеге қол жеткіземіз: сабақтың теориялық бөлігін меңгереміз, оны тәжірибеде қолданамыз", - дейді жоба студенті.
Айта кетері, жоба жүзеге асырылған уақытта бірқатар түлек өз ісін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелерге ие болды, сонымен қатар өз бизнесін алға жылжыту үшін қажетті цифрлық дағдыларды меңгерді. Бизнес-жобаларға кофеханалар, ательелер мен тұрмыстық дүкендер кіреді.