Елде су шаруашылығы саласы жаңғыртылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПрорыв дамбы в поселке Мынбаево
Прорыв дамбы в поселке Мынбаево  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі бүкіл су шаруашылығы саласын трансформациялап жатыр.
Министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.

"Біріншісі – жаңа нормативтік-құқықтық база құру. Атап айтқанда, жаңа су кодексінде су үнемдеу саясатын қалыптастыруға, сарқын суды қайта қолдануға бағытталған шаралар көзделген", - деді М.Әбдуәлиева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Екіншісі – су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту. Оған сәйкес, 20 су қоймасын салу жоспарлануда. Олардың бесеуінің құрылысы биыл басталады. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасы қайта жаңартылады.
"Үшіншісі – іргелес мемлекеттермен ынтымақтастықты күшейту. Осылайша, Қазақстан Өзбекстанмен екі тарап тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін есептегіштерді орнату туралы келісті. Мұндай келіссөздер басқа көрші елдермен де жүргізілмек. Биылдан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді. Қазіргі уақытта Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қатысуымен "Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы" келісімнің жобасы әзірленіп жатыр. Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөздер жүргізілуде. Олардың ішінде үш ірі трансшекаралық өзен бар: Ертіс, Іле және Елек", - деді Мөлдір Әбдуәлиева.
Жаңалықтар
0