Дубай әуежайы рейстерді екі тәулік бойы қабылдамайды

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
Дубайға қосымша рейстердің тоқтатылғаны туралы Air Astana хабарлады
АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Дубайда болған нөсер жаңбыр салдарынан әуежай екі күн бойы рейстерді қабылдамайды.
Әлемдегі ең ірі көлік хабтарының бірі Дубай халықаралық әуежайы 19 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ден 48 сағатқа дейін ұшып келетін рейстерді шектеді. Бұл туралы әуежай операторы хабарлады.
"Біз бұрын-соңды болмаған ауа-райының қолайсыздығы салдарынан рейстердің кешігуінен зардап шеккен қонақтар үшін тездетіп қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Алайда, үзілістердің жалғасуына байланысты және қалпына келтіру процесін жеделдету үшін біз 19 сәуірде түстен бастап 48 сағатқа келетін рейстердің санын уақытша шектейміз", - делінген Dubai Airports компаниясының x әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Әуе рейстерінің шектелуіне байланысты Дубайға қосымша рейстердің тоқтағаны туралы Air Astana да хабарлады.
"Дубай қаласы әуежайының шектеулеріне байланысты Air Astana 19 сәуірдегі Алматы-Дубай-Алматы КС 8970/8980 қосымша рейстерін тоқтатуға мәжбүр. Жолаушыларға сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе қайта брондау қолжетімді", - делінген авиакомпанияның хабарламасында.
Сондай-ақ Астана-Дубай КС 205 рейсі Астана уақыты бойынша сағат 19.00-ге дейін кешігетінін айтты. Рейс туралы ақпаратты компанияның веб-сайтынан осы сілтеме арқылы алуға болады.
Жаңалықтар
0