https://sputnik.kz/20240419/almatyda-2-000-oryndyq-mektep-salynyp-zhatyr-43782084.html
Алматыда 2 000 орындық мектеп салынып жатыр
Алматыда 2 000 орындық мектеп салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Құлжа тас жолының оңтүстігінде, Медеу ауданындағы "Шығыс қақпасы" жаңа полиорталығының аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынып... 19.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-19T16:37+0500
2024-04-19T16:37+0500
2024-04-19T16:37+0500
алматы
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43781839_0:56:1280:776_1920x0_80_0_0_38638c51a4fa729fda5a3a6308aac35d.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Құлжа тас жолының оңтүстігінде, Медеу ауданындағы "Шығыс қақпасы" жаңа полиорталығының аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев құрылыс алаңына барды.Қала әкімі мектепке кіреберіс жолды және тұрақ кеңістігін жайластыру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.Осы мақсатта жылдамдық режимін шектеу енгізіледі және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталады.Сондай-ақ, шаһар басшысы нысанның инженерлік желілерін жалпықалалық желілерге уақтылы қосу және көрсетілген мерзімде құрылысты аяқтау қажеттігін атап өтті."Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаровтың айтуынша, мектеп үш қабатты болады, асхана төменгі қабатта, жертөледе орналасады. Аумақта үлкен стадион қарастырылған.Жаңа жол қозғалысы ережесі бойынша жоспарланған тұрақ орнында жасыл аймақ жабдықталады. Автокөліктер үшін бөлек тұрақ болады. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру жоспарда.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43781839_86:0:1195:832_1920x0_80_0_0_30dc92786cd0ff48269c31952aadd541.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, аурухана
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Құлжа тас жолының оңтүстігінде, Медеу ауданындағы "Шығыс қақпасы" жаңа полиорталығының аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев құрылыс алаңына барды.
Қала әкімі мектепке кіреберіс жолды және тұрақ кеңістігін жайластыру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Осы мақсатта жылдамдық режимін шектеу енгізіледі және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталады.
Сондай-ақ, шаһар басшысы нысанның инженерлік желілерін жалпықалалық желілерге уақтылы қосу және көрсетілген мерзімде құрылысты аяқтау қажеттігін атап өтті.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаровтың айтуынша, мектеп үш қабатты болады, асхана төменгі қабатта, жертөледе орналасады. Аумақта үлкен стадион қарастырылған.
Жаңа жол қозғалысы ережесі бойынша жоспарланған тұрақ орнында жасыл аймақ жабдықталады. Автокөліктер үшін бөлек тұрақ болады. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру жоспарда.