https://sputnik.kz/20240418/ministrlik-su-tasqyny-saldarynan-koz-zhumgandar-zhoq-ekenin-malimdedi-43745332.html
Министрлік су тасқыны салдарынан көз жұмғандар жоқ екенін мәлімдеді
Министрлік су тасқыны салдарынан көз жұмғандар жоқ екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Тіркелген бес факт қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған, деді спикер 18.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-18T15:36+0500
2024-04-18T15:36+0500
2024-04-18T15:36+0500
су тасқыны
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695770_0:0:1255:706_1920x0_80_0_0_89b0ab0c04cc30c8a76fae032ae46cf3.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Үйлер мен басқа да нысандарды су басып, дәл соның салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелген жоқ, деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев брифингте. Спикер БАҚ-да және әлеуметтік желілерде көз жұмғандарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.Спикердің айтуынша, Түркістан облысында мұндай фактілер мүлдем тіркелген жоқ. Бұл жерде Ақтөбе облысындағы жағдай меңзелген болатын, онда кішкентай бала таяз суға құлап кетіп, көз жұмған.Министрліктің ресми өкілі еліміздегі су тасқыны салдарын жою шараларына да тоқталды. "Су басқан өңірлерде патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың ешқайсысы су басу қаупі бар аймақта қалып кетпеуі үшін елді мекендерде жаппай рейд жүргізеді. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция су тасқынынан зардап шеккен 59 елді мекенді қоршауға алды. Қазір ішкі істер органдарының күзетінде қараусыз қалған 11 мың тұрғын үй мен басқа да нысандар бар. Ұрлық-қарлыққа жол берілмеді", – деді Алекешев.
https://sputnik.kz/20240418/su-tasqynynan-keyin-58-mynnan-astam-otbasy-369-myn-tengeden-aldy-43743233.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695770_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_3f3339b5cd3eaf0b04a2ebdca48b86d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, ішкі істер министрлігі
су тасқыны, ішкі істер министрлігі
Министрлік су тасқыны салдарынан көз жұмғандар жоқ екенін мәлімдеді
Тіркелген бес факт қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған, деді спикер
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Үйлер мен басқа да нысандарды су басып, дәл соның салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелген жоқ, деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев брифингте.
Спикер БАҚ-да және әлеуметтік желілерде көз жұмғандарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.
"Жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны барысында бес өлім фактісі тіркелді. Атырау облысында - 4 және Ақтөбе облысында - 1 факт. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар жоқ. Бұл жерде, барлық жағдайларда қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты: бірі өз бетінше өзенді жүзіп өтпек болған, бірі су тасқынынын кейін, яғни эвакуациядан соң қауіпті аймаққа оралуға тырысқан. Барлық фактілер бойынша тексеру басталып, тергеу жүргізілуде", – деді спикер.
Спикердің айтуынша, Түркістан облысында мұндай фактілер мүлдем тіркелген жоқ. Бұл жерде Ақтөбе облысындағы жағдай меңзелген болатын, онда кішкентай бала таяз суға құлап кетіп, көз жұмған.
Министрліктің ресми өкілі еліміздегі су тасқыны салдарын жою шараларына да тоқталды.
"Су басқан өңірлерде патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың ешқайсысы су басу қаупі бар аймақта қалып кетпеуі үшін елді мекендерде жаппай рейд жүргізеді. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция су тасқынынан зардап шеккен 59 елді мекенді қоршауға алды. Қазір ішкі істер органдарының күзетінде қараусыз қалған 11 мың тұрғын үй мен басқа да нысандар бар. Ұрлық-қарлыққа жол берілмеді", – деді Алекешев.