https://sputnik.kz/20240418/eki-ayda-qazaqstanga-importtalgan-20-myn-koliktin-zhartysy-qytaydan-akelingen-43733883.html
Екі айда Қазақстанға импортталған 20 мың көліктің жартысы Қытайдан әкелінген
Екі айда Қазақстанға импортталған 20 мың көліктің жартысы Қытайдан әкелінген
Sputnik Қазақстан
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп 18.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-18T09:08+0500
2024-04-18T09:08+0500
2024-04-18T09:11+0500
қытай
көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838025_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_db1755311487c9a0f1eb03d5c21fcde9.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Биыл елімізге 10 мыңнан астам Қытай көлігі кірген, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Неміс, кәріс, жапонның темір тұлпарына қарағанда құны қалтаға қонымды болғасын ба, әлде жүргізушіге жасалған жағдайдың жақсы болғанынан ба, әйтеуір Қытай көлігін тақымдайтындар көбейді.Биылғы жылдың алғашқы екі айында елімізге кірген әрбір екінші темір тұлпар Қытайдан әкелінген. Яғни 10 мың бір жүз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп. Жалпы 20 мың көлік импортталған. 3 мың 700 АҚШ-тың, 3 мың Жапонияның, 1600 Кореяның көлігі кірген.Қытай елінің көлігіне ғана емес, олардың тауарына да қызығушылық жоғары. Арада барыс-келіс, сауда-саттық, ынтымақтастық артты. Бұған - екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі себеп. Биыл алғашқы тоқсанда шекарадан кіріп-шыққан адам саны өткен жылмен салыстырғанда 200%-дан асқан.Дертіне дауа іздегендер, кәсібімді дөңгелетсем деген бизнесмендер, саяхатшылар мен білім іздегендер көк паспортты көрсетіп, 30 күн емін-еркін көрші елде жүре алады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838025_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_3f9a1b1c00eb0067ddbaa0bbd75daa40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, көлік
Екі айда Қазақстанға импортталған 20 мың көліктің жартысы Қытайдан әкелінген
09:08 18.04.2024 (жаңартылды: 09:11 18.04.2024) Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Биыл елімізге 10 мыңнан астам Қытай көлігі кірген, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Неміс, кәріс, жапонның темір тұлпарына қарағанда құны қалтаға қонымды болғасын ба, әлде жүргізушіге жасалған жағдайдың жақсы болғанынан ба, әйтеуір Қытай көлігін тақымдайтындар көбейді.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында елімізге кірген әрбір екінші темір тұлпар Қытайдан әкелінген. Яғни 10 мың бір жүз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп. Жалпы 20 мың көлік импортталған. 3 мың 700 АҚШ-тың, 3 мың Жапонияның, 1600 Кореяның көлігі кірген.
Қытай елінің көлігіне ғана емес, олардың тауарына да қызығушылық жоғары. Арада барыс-келіс, сауда-саттық, ынтымақтастық артты. Бұған - екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі себеп. Биыл алғашқы тоқсанда шекарадан кіріп-шыққан адам саны өткен жылмен салыстырғанда 200%-дан асқан.
Дертіне дауа іздегендер, кәсібімді дөңгелетсем деген бизнесмендер, саяхатшылар мен білім іздегендер көк паспортты көрсетіп, 30 күн емін-еркін көрші елде жүре алады.