Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ конгресі Украинаға 61 миллиард доллар бөлуді көздеп отыр

© AP Photo / Emilio MorenattiЖители Киева пытаются выехать из города после начала спецоперации российских войск
Жители Киева пытаются выехать из города после начала спецоперации российских войск - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Жазылу
Сондай-ақ, Ақ үй басшысы Украинаға көрсетілген экономикалық көмек үшін қарыздың 50 пайызына дейін есептен шығаруға құқылы
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Израиль, Украина және Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарына көмектесу үшін үш бөлек заң жобасын жариялады.
Украинаға 61 миллиард долларға жуық қаржы бөлінеді. Оның ішінде 23 миллиард америкалық арсеналдарды толықтыруға, 8 миллиард қаржылық көмекке, 13,8 миллиард Украинаға қару-жарақ пен қорғаныс қызметтерін сатып алуға жұмсалады.
АҚШ президенті Джо Байден Украинамен Киевтің экономикалық көмегін өтеу туралы келісімге келуі керек, деп жазылған мәтінде. Сондай-ақ, Ақ үй басшысы көрсетілген экономикалық көмек үшін Украина қарызының 50%-ына дейін есептен шығаруға құқылы, бірақ бұл осы жылдың 15 қарашасынан ерте емес мерзімде орындалады.
Сонымен қатар, құжат Киевке алыс қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарын беруге міндеттейді.
Заң жобасында берілген қаражаттан украиналықтарға зейнетақы төлеуге тыйым салатын жеке тармақ болып көрсетілген.
Заң жобасы Мемлекеттік департамент пен Пентагоннан АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсету стратегиясын нақты мақсаттармен сипаттап 45 күн ішінде ұсынуды талап етеді.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Израильді қолдауға АҚШ бюджетінен 26,38 миллиард доллар бөлу жоспарлануда.
Жаңалықтар
0