https://sputnik.kz/20240417/politsiya-adamdar-kop-zhinalatyn-nysandardy-tekserip-zhatyr-43725654.html
Полиция адамдар көп жиналатын нысандарды тексеріп жатыр
Полиция адамдар көп жиналатын нысандарды тексеріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері 525 басшы мен меншік иесіне заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді 17.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-17T22:47+0500
2024-04-17T22:47+0500
2024-04-17T22:47+0500
терроризм
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ішкі істер органдары террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында және басқа да нысандарда жоспарлы тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.Бүгінгі таңда террористік шабуылдарға осал деп танылған адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан аймақтық тізімдерге енгізілді.Тексеру барысында қызметкерлердің білімі мен дағдылары, сондай-ақ әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзету деңгейі қаралады. Сондай-ақ аталмыш нысандардың 36 мыңнан астам қызметкеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Айта кету керек, су тасқынына байланысты Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жекелеген қалалары мен аудандарында тексеріс уақытша тоқтатылды.
https://sputnik.kz/20240403/alemdegi-zhagday-zhaqyn-arada-zhaqsara-qoymaytyn-siyaqty--toqaev-43405310.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризм
Полиция адамдар көп жиналатын нысандарды тексеріп жатыр
Жыл басынан бері 525 басшы мен меншік иесіне заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ішкі істер органдары террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында және басқа да нысандарда жоспарлы тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады
Polisia.kz. Бүгінгі таңда террористік шабуылдарға осал деп танылған адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан аймақтық тізімдерге енгізілді.
"Жыл басынан бері осы санаттағы 1 723 объект тексерілді, анықталған заң бұзушылықтар бойынша 525 басшы мен меншік иесіне оларды жою туралы нұсқама берілді", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында қызметкерлердің білімі мен дағдылары, сондай-ақ әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзету деңгейі қаралады. Сондай-ақ аталмыш нысандардың 36 мыңнан астам қызметкеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, су тасқынына байланысты Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жекелеген қалалары мен аудандарында тексеріс уақытша тоқтатылды.