https://sputnik.kz/20240417/moped-zhurgizushilerine-zhana-talaptar-qoyylady-43715950.html
Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады
Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады
Sputnik Қазақстан
Мопедтерді жүргізу үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді 17.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-17T12:57+0500
2024-04-17T12:57+0500
2024-04-17T12:57+0500
талап
жол жүру ережесі
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36701182_0:0:1501:844_1920x0_80_0_0_8a6870175e29ae9b63c8170a97dea288.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мәжіліс "Жол жүрісі туралы" заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жекелеген көлік түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.Негізгі заң жобасында шағын электрлі көліктер мен көліктердің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылды. Бұл мопедтерді пайдалануға және қозғалыс ережелерін реттеуге мүмкіндік береді.Мопед жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапқа тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған.Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мопед жүргізушілерін толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіруді ұсынады.Мопедтерді жүргізу үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сонымен қатар көлік жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін анықтау өкілеттігі беріледі. Бұл әкімдіктерге әр өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту шарттарына қарай қозғалыс жылдамдығын, рұқсат етілген орындарды және электр самокаттардың жұмыс тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36701182_0:0:1335:1001_1920x0_80_0_0_3b6f8006437367b3e4d1a28fef56a228.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талап, жол жүру ережесі
Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады
Мопедтерді жүргізу үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мәжіліс "Жол жүрісі туралы" заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жекелеген көлік түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Негізгі заң жобасында шағын электрлі көліктер мен көліктердің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылды. Бұл мопедтерді пайдалануға және қозғалыс ережелерін реттеуге мүмкіндік береді.
Мопед жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапқа тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мопед жүргізушілерін толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіруді ұсынады.
Мопедтерді жүргізу үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сонымен қатар көлік жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін анықтау өкілеттігі беріледі. Бұл әкімдіктерге әр өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту шарттарына қарай қозғалыс жылдамдығын, рұқсат етілген орындарды және электр самокаттардың жұмыс тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.