https://sputnik.kz/20240417/eo-okili-batys-izrailge-korsetkendey-ukrainaga-komek-korsete-almaytynyn-aytty--43711637.html
ЕО өкілі Батыс Израильге көрсеткендей Украинаға көмек көрсете алмайтынын айтты
ЕО өкілі Батыс Израильге көрсеткендей Украинаға көмек көрсете алмайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
Батыс елдерінің Украинаға мұндай көлемде қорғаныс жүйесін салуға ақшасы болса да, олар оны бір тәулік ішінде жасай алмайды, деп мәлімдеді Боррель.
17.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-17T10:59+0500
2024-04-17T10:59+0500
2024-04-17T11:02+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_c50b1b1c797f499496fc2dd62e14634f.jpg
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Ұшқышсыз ұшақтардан қорғау мәселесінде Батыс Украинаға Израильге көрсеткендей көмек көрсете алмайды, деді ЕО СІМ басшыларының бейнеконференциясының қорытындысы бойынша Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дипломат көп жылдар бұрын Израиль елді сыртқы шабуылдардан қорғау үшін "Темір күмбез" жасап, оған қыруар қаржы жұмсағанын еске салды. Алайда, Батыс елдерінің Украинаға мұндай көлемде қорғаныс жүйесін салуға ақшасы болса да, олар оны бір тәулік ішінде жасай алмайды, деп мәлімдеді Боррель.
Сонымен бірге шенеунік егер ол Владимир Зеленскийдің орнында болса, ол да көмек сұрайтынын мойындады.
Сенбі, 13 сәуірде Иран Израильге шабуыл жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 185 ұшқышсыз ұшақ, 36 қанатты зымыран және 110 "жер-жер" принципі бойынша жұмыс істейтін зымыран атылған. Снарядтардың басым бөлігін Тель-Авив елден тыс жерде атып түсірді деген болжам бар. Шабуылдарды тойтаруға америкалық және британиялық әскер қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_10abe0b4b387bea2d4e6b13180469f87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ЕО өкілі Батыс Израильге көрсеткендей Украинаға көмек көрсете алмайтынын айтты
10:59 17.04.2024 (жаңартылды: 11:02 17.04.2024) Батыс елдерінің Украинаға мұндай көлемде қорғаныс жүйесін салуға ақшасы болса да, олар оны бір тәулік ішінде жасай алмайды, деп мәлімдеді Боррель.
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Ұшқышсыз ұшақтардан қорғау мәселесінде Батыс Украинаға Израильге көрсеткендей көмек көрсете алмайды, деді ЕО СІМ басшыларының бейнеконференциясының қорытындысы бойынша Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Иран Израильге шабуылы кезінде Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Иорданиядағы базаларға соққы жасады. Сондықтан бұл мемлекеттер өзін-өзі қорғау үшін жауап ретінде әрекет етті. Украинада мұндай базалар жоқ болғандықтан, біз Киевке Израильмен бірдей көмек көрсете алмаймыз: жағдай мүлдем басқа", - деп түсіндірді ол.
Дипломат көп жылдар бұрын Израиль елді сыртқы шабуылдардан қорғау үшін "Темір күмбез" жасап, оған қыруар қаржы жұмсағанын еске салды. Алайда, Батыс елдерінің Украинаға мұндай көлемде қорғаныс жүйесін салуға ақшасы болса да, олар оны бір тәулік ішінде жасай алмайды, деп мәлімдеді Боррель.
Сонымен бірге шенеунік егер ол Владимир Зеленскийдің орнында болса, ол да көмек сұрайтынын мойындады.
Сенбі, 13 сәуірде Иран Израильге шабуыл жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 185 ұшқышсыз ұшақ, 36 қанатты зымыран және 110 "жер-жер" принципі бойынша жұмыс істейтін зымыран атылған. Снарядтардың басым бөлігін Тель-Авив елден тыс жерде атып түсірді деген болжам бар.
Шабуылдарды тойтаруға америкалық және британиялық әскер қатысты.