Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде мұнараға шыққан тоғыз адам құтқарылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Су тасқыны басталған кезде олар өз көлігімен жақын маңдағы ауылға бармақ болған, бірақ ол суға батып кеткен
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан қорғану үшін мұнараға шығып алған тоғыз адамды эвакуациялады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Адамдар байланыссыз қалған – интернет, телефон жоқ. Су тасқыны басталған кезде олар өз көлігімен жақын маңдағы ауылға бармақ болған, бірақ көлік суға батып кеткен.
Олар қолдағы балаларымен, оның ішінде үш айлық сәбимен мұнараға шыққан. Бұл жерден оларды әскери тікұшақ эвакуациялады.
Құтқарылған әйел басынан өткен қорқынышты оқиғаны баяндап, отбасын сақтап қалған адамдарға алғысын білдірді. Оның айтуынша, олар таңғы 8-де жолға шыққан, ал тікұшақ кешкі сағат 16.00-де алып кеткен.
Отбасы жергілікті мектепке орналастырылды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер беріле бастады
Жаңалықтар
0