https://sputnik.kz/20240417/adilet-ministrligi-turmelerge-zhauapty-bolgysy-kelmey-me--ministr-pikiri-43721820.html
Әділет министрлігі түрмелерге жауапты болғысы келмей ме – министр пікірі
Әділет министрлігі түрмелерге жауапты болғысы келмей ме – министр пікірі
Sputnik Қазақстан
2000 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі ішкі істер министрлігінен әділет министрлігіне... 17.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-17T13:58+0500
2024-04-17T13:58+0500
2024-04-17T13:58+0500
қуандық бишімбаев
қуандық бишімбаевтің ісі
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713790_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4cc33bfd774c10974b648f2f79f153d2.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазір қоғам назары өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбавтың сотына ауды. Осы ретте қылмыстық-атқару жүйесін әділет министрлігіне беру мәселесі тағы көтерілді.Сот отырысында екінші айыпталушы - экс-министрдің туысы Байжанов тергеу изоляторында өзіне қысым жасалып жатқанын айтты.Байжановтың айтуынша, Бишімбаевпен кездесу ұйымдастырмақ болып, тергеу изоляторында оған қоғам белсендісі Бауыржан Мусин барған.Осыған байланысты журналистер әділет министрінен мемлекеттік органдар жұмысында заңдылықты қамтамасыз ететін ведомствоға беру үшін түрме жүйесін ішкі істер министрлігінің құзырынан шығару орынды ма деген сауал қойды.Оның айтуынша, әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің әділет жүйесіндегі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды.Сондай-ақ ол 2000 жылдары түрме жүйесі әділет министрлігінің құзырында болғанын еске салды."Шамамен бес-алты жыл бойы қылмыстық-атқару жүйесі әділет министрлігінің жүйесінде болды, ол сайып келгенде мақсатқа сай емес деп танылды", - дейді министр.Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот 27 наурыздан бері жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20240416/bishimbaev-soty-bayzhanovtyn-zhauabynan-keyin-tergeu-izolyatorynda-tekseris-bastaldy-43688476.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713790_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_690ca9c4175f3b9faf6c7e069cb319e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, қуандық бишімбаевтің ісі
қуандық бишімбаев, қуандық бишімбаевтің ісі
Әділет министрлігі түрмелерге жауапты болғысы келмей ме – министр пікірі
2000 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі ішкі істер министрлігінен әділет министрлігіне берілген
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазір қоғам назары өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбавтың сотына ауды. Осы ретте қылмыстық-атқару жүйесін әділет министрлігіне беру мәселесі тағы көтерілді.
Сот отырысында екінші айыпталушы - экс-министрдің туысы Байжанов тергеу изоляторында өзіне қысым жасалып жатқанын айтты.
Байжановтың айтуынша, Бишімбаевпен кездесу ұйымдастырмақ болып, тергеу изоляторында оған қоғам белсендісі Бауыржан Мусин барған.
Осыған байланысты журналистер әділет министрінен мемлекеттік органдар жұмысында заңдылықты қамтамасыз ететін ведомствоға беру үшін түрме жүйесін ішкі істер министрлігінің құзырынан шығару орынды ма деген сауал қойды.
"Бұған әлі ерте, біз азаматтық ведомство болғандықтан, бұл жүйені (қылмыстық атқару жүйесі комитеті – Sputnik) біздің ведомствоға беретіндей біздің мүмкіндігіміз де жоқ", - деді ол.
Оның айтуынша, әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің әділет жүйесіндегі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды.
Сондай-ақ ол 2000 жылдары түрме жүйесі әділет министрлігінің құзырында болғанын еске салды.
"Шамамен бес-алты жыл бойы қылмыстық-атқару жүйесі әділет министрлігінің жүйесінде болды, ол сайып келгенде мақсатқа сай емес деп танылды", - дейді министр.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот 27 наурыздан бері жалғасып жатыр.