https://sputnik.kz/20240416/toqaev-ukimetke-iri-is-sharalardy-otkizbeu-zhoninde-tapsyrma-berdi-43700804.html
Тоқаев үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді
Тоқаев үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Президент барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T15:58+0500
2024-04-16T15:58+0500
2024-04-16T15:58+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/708/11/7081153_0:193:2957:1856_1920x0_80_0_0_e806c1452cebd37bfa76de8ed7c0888e.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлады Ақорда.Президент су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында осындай шешім қабылдады.Оның айтуынша, бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады.Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты."Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/708/11/7081153_113:0:2844:2048_1920x0_80_0_0_dbb4f33c6ee9ec49af25df1b28fca524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді
Президент барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлады Ақорда.
Президент су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында осындай шешім қабылдады.
"Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес", – деді президент.
Оның айтуынша, бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты.
"Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.