https://sputnik.kz/20240416/sudan-zardap-shekkender-komek-aluga-otinishti-smartfon-arqyly-bere-alady-43701353.html
Судан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады
Судан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады
Sputnik Қазақстан
Өтінімдер бойынша зақымданған мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T22:48+0500
2024-04-16T22:48+0500
2024-04-16T22:48+0500
су тасқыны
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e8/04/06/43487808_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2abc14c3100472534ae2d6331a62de17.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.Жаңа функционалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте "Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама" қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректі толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркеледі.Енгізілген тетік барлық мәліметті цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алуын болдырмау үшін тек eGOV Mobile ресми қосымшасын пайдалану қажет.
https://sputnik.kz/20240416/qazaqstanda-su-tasqynynyn-zardaptaryn-zhoyuga-shamamen-737-mlrd-tenge-bolindi-43693250.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/06/43487808_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_b8848fbc610f8acb20a9198e0a352ab7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, әлеуметтік төлем
су тасқыны, әлеуметтік төлем
Судан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады
Өтінімдер бойынша зақымданған мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.
Жаңа функционалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.
Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте "Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама" қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректі толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
"Әлеуметтік көмек" автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зақымданған мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркеледі.
Енгізілген тетік барлық мәліметті цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алуын болдырмау үшін тек eGOV Mobile ресми қосымшасын пайдалану қажет.