ЕАЭО кейбір бағалы металдардың импортына қатысты талаптарды жеңілдетеді

© Sputnik/Ертай Сарбасов ЕАЭА елдерінің тулары
  ЕАЭА елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Жазылу
Өзгерістер металдан басқа құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына да қатысты
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. ЕЭК Алқасы бағалы металдардың жекелеген санаттарының импорты мен экспортын ырықтандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады комиссия.
Шешім ресми жарияланған күнінен кейін 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді, деп мәлімдеді ЕЭК.
ЕЭК кеден, тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Вааган Казарянның айтуынша, өзгерістер бағалы металдардың жекелеген санаттарының импорты мен экспортын ырықтандыруға, мемлекеттік бақылауды жеңілдетуге, сыртқы сауда қызметіне қатысушылар мемлекеттік органдарға ұсынатын құжаттар тізбесін оңтайландыруға, сондай-ақ ұқсас тауарларға бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға бағытталған.
Ол әңгіме құрамындағы бағалы металдар үлесі 2%-дан аспайтын тауарларды реттеу талабын алып тастау жөнінде болып отырғанын атап өтті.
ЕЭК құжаттарды электронды түрде алу мүмкіндігін де ескеріп, мемлекеттік бақылауға түпнұсқалардың орнына құжаттардың көшірмелерін (экспортқа арналған лицензия, өнім сипаттамасы) ұсынуға рұқсат берді.
Комиссияның мәліметінше, егер кедендік қайта өңдеу рәсімін кедендік аумақтан тыс қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болса, шешім ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат талаптарын алып тастауды көздейді.
Жаңалықтар
0