Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Конгресі Киевке көмек көрсету туралы дауыс беруі мүмкін

© Sputnik / Игорь Михалев / Медиабанкке өтуКонгресс США
Конгресс США - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Жазылу
Бұған дейін Джонсон осы аптада Украинаға қосымша көмек бөлу туралы жеке жоба Конгрестің қарауына ұсынылатынын айтқан
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы жеке заң жобаларына, соның ішінде Украинаға қосымша көмек бөлу туралы құжатқа және Ресейдің тәуелсіз активтерін тәркілеу туралы ережеге алдағы жұмада дауыс беруі мүмкін, деп мәлімдеді Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз Сенаттың қаржыландыру туралы заң жобасын қазіргі үлгіде дауысқа салмаймыз. Біз әрбір шараны төрт түрлі бөлікте бөлек дауысқа саламыз: Израильге, Украинаға, Үнді-Тынық мұхиты аймағына көмек, содан кейін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басымдықтарды қамтитын тағы бір шара бойынша дауысқа саламыз. Ол шарада REPO актісі (Украинаның пайдасына Ресей Федерациясының активтерін тәркілеу туралы заң жобасы) бар", - деді ол журналистерге.
Джонсон төртінші құжатта Иранға қарсы санкциялар да қамтылатынын түсіндірді.
Өкілдер палатасы спикерінің айтуынша, заң жобаларының мәтіні сейсенбі күні таңертең жарияланады деп күтілуде. Осыдан кейін Конгрессте бекітілген ережелерге сәйкес заң шығарушыларға түзетулерді енгізуге 72 сағат уақыт беріледі. Нәтижесінде құжаттарға дауыс беру жұма күні басталуы мүмкін.
Бұған дейін Джонсон осы аптада Украинаға қосымша көмек бөлу туралы жеке жоба Конгрестің қарауына ұсынылатынын айтқан. Punchbowl интернет-басылымы Капитолийдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Джонсон өз партиясының мүшелерін ұлттық қауіпсіздік мақсатында Ақ үйдің жалпы сұранысының орнына Украинаға 60 миллиард доллар көмек көрсету жоспары туралы жеке құжатты қарастыру жөніндк хабардар еткенін жазды.
Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ әкімшілігі Украинаға қару-жарақ беру мүмкіндігін тауысты, биыл 300 миллион доллар көлеміндегі бір ғана көмек пакеті жолданды. Ақ үйдің Киевке 60 миллиард доллар бөлу туралы өтініші мақұлдануды күтуде.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы Ресеймен қақтығысқа тікелей қатысуда. Кремльдегілер Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөз жүргізілуіне кері әсер етеді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0