https://sputnik.kz/20240416/almatyda-zansyz-qurylys-saldarynan-ekozhuyege-zaqym-keldi-43705255.html
Алматыда заңсыз құрылыс салдарынан экожүйеге зақым келді
Алматыда заңсыз құрылыс салдарынан экожүйеге зақым келді
Sputnik Қазақстан
Меншік иесі құрылыс және қазу жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз бастаған 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T20:10+0500
2024-04-16T20:10+0500
2024-04-16T20:10+0500
алматы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43703519_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_beccf59972361cfee8d5602ac699d88b.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Алматыдағы Керей-Жәнібек хандар көшесіне лай сілемі құлады: асфальттың бір бөлігі опырылып, кәріз желісі бітеліп қалған.Лай массасы құлауына заңсыз құрылыс себеп болды, деп хабарлады қала әкімдігі.Коммуналдық қызметтер лайдың бетін бұру жұмыстарын ұйымдастырып, оның салдарын жойыды. Ауа райы жақсарған кезде жол жамылғысы қалпына келтіріледі.Тексеру барысында лай массасының түсуі тауды кесу және "Мұзтау" ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарын жүргізу салдарынан болғаны анықталды.Бұл ретте меншік иесі учаскеде құрылыс және қазу жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз бастаған.Қазіргі уақытта учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап тұр.Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуді көздеп отыр және оның қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі бойынша жер учаскесін бастапқы күйіне келтіру жолымен жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту беру түрінде әкімшілік шара қолданылады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43703519_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_df3f8061428d61d03e4fbe6c3d69a29f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, құрылыс
Алматыда заңсыз құрылыс салдарынан экожүйеге зақым келді
Меншік иесі құрылыс және қазу жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз бастаған
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Алматыдағы Керей-Жәнібек хандар көшесіне лай сілемі құлады: асфальттың бір бөлігі опырылып, кәріз желісі бітеліп қалған.
Лай массасы құлауына заңсыз құрылыс себеп болды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Коммуналдық қызметтер лайдың бетін бұру жұмыстарын ұйымдастырып, оның салдарын жойыды. Ауа райы жақсарған кезде жол жамылғысы қалпына келтіріледі.
Тексеру барысында лай массасының түсуі тауды кесу және "Мұзтау" ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарын жүргізу салдарынан болғаны анықталды.
"Горный Гигант аумағындағы 2768 учаскеде нысанды салу кезінде экожүйе бұзылғаны анықталды - меншік иесі (жеке тұлға) тау етегі бөлігіндегі еңісті кесіп, жыраны бітеген. Сөйтіп, табиғи су ағыны бөгеліп, соның салдарынан нөсер жауын кезінде жасанды топырақта жарықшақ пайда болды", - деп хабарлады әкімдік.
Бұл ретте меншік иесі учаскеде құрылыс және қазу жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз бастаған.
Қазіргі уақытта учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап тұр.
Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуді көздеп отыр және оның қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі бойынша жер учаскесін бастапқы күйіне келтіру жолымен жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту беру түрінде әкімшілік шара қолданылады.