Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украина армиясының қазіргі жағдайына баға берді

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2024
Жазылу
Бұған дейін РИА Новости Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы қол қойған әскердегі тәртіпті күшейту туралы бұйрықты жариялады
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Украина әскерлері үшін Донецк бағытындағы жағдай қиындап барады, деп мойындады Владимир Зеленский. Бұл туралы РИА Новости хпбарлады.
Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский бұған дейін Ресей Қарулы Күштері бөлімшелерінің шабуылдау әрекеттерінің күшеюіне байланысты майданның шығыс секторындағы жағдайдың айтарлықтай шиеленіскенін хабарлады.
"Мұндай шиеленіскен қақтығыс кезінде майдандағы жағдай әрқашан қиын болады. Бірақ осы күндері, әсіресе Донецк бағытында тіпті қиындап барады", - деді Зеленский кешкі видео үндеуінде.
Бұған дейін РИА Новости Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы қол қойған әскердегі тәртіпті күшейту туралы бұйрықты жариялады. Құжатта украиналық әскерилер бұйрықтарға бағынбайды, командирлерге қауіп төндіреді, ұрыс даласында өз позицияларын қалдырып, атыс жүргізуден бас тартады деп жазылған. Құжатта мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алудың, анықтаудың бірнеше кезеңі көрсетілген.
Жаңалықтар
0