https://sputnik.kz/20240415/qazaqstandagy-turmystyq-zorlyq-zombylyq-turaly-zannyn-basqa-elderdegiden-ayyrmashylygy-43671710.html
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның басқа елдердегіден айырмашылығы
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның басқа елдердегіден айырмашылығы
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық жауапкершілікті салыстыру адам денсаулығына қарсы жиі кездесетін төрт құқық бұзушылық бойынша дайындалған 15.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-15T14:46+0500
2024-04-15T14:46+0500
2024-04-15T14:47+0500
қасым-жомарт тоқаев
зорлық-зомбылық
заң
https://sputnik.kz/img/140/15/1401551_25:0:987:541_1920x0_80_0_0_c648056eba126c6856da08c79328bc43.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамасының басқа елдердегі заңнан қандай айырмашылығы бар екені туралы Ranking.kz агенттігі тереңдетілген сараптама жариялады.Еске салайық, өткен аптада Қазақстан сенаты әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады.Агенттіктің мәліметінше, қасақана кісі өлтіру түріндегі аса ауыр қылмыс үшін Қазақстан заңдарында көзделген жауапкершілік (8 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру мерзімі) басқа ТМД елдері мен Орталық Азиядағы жазаларға жақын. Ал дамыған елдерде адамды өмірінен айыру үшін қылмыстық жауапкершіліктің көлемі 3-4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі төмен бастапқы шекте болуы мүмкін, деп хабарлады Ranking.kz.Еуропа елдерінде мұндай қылмыстарды қоғамдық айыптау деңгейінің жоғары болғаны сонша, тіпті заңдарда адам өлтірудің ауырлататын жағдайларында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына балама жоқ, деп жазды сарапшылар.Агенттік әйелдер өмір сүруге қолайлы елдердің үштігіне кіретін Швецияны мысалға келтіріп, ол елде агрессор күйеуі әйелін ұрғаны үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазды."Әйел арыздан бас тартып, күйеуімен татуласқан болса да, қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданады. Швед қоғамының көзқарасы бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылық жеке мәселе емес, қоғамдық мәселе", - деп жазды агенттік.Зерттеушілер Швецияда 25 жыл бұрын "Әйелдердің жеке басына қолсұқпаушылық туралы заң" қабылданғанын еске салды."Жазаланатын әрекеттерге тек дене жарақаты ғана емес, сонымен қатар әйелге психологиялық зорлық-зомбылық пен қаржылық қысым көрсету де жатады", - деп жалғастырды басылым.Шведтер алдын алу шараларымен белсенді түрде айналысады, яғни деструктивті гендерлік модельдерге қарсы мектеп бағдарламаларын енгізіп, агрессорларды ашуды басқару бойынша психологиялық терапиядан өтуге мәжбүрлейді.Көптеген дамыған елде зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қолдаудың ұқсас негізгі шаралары бар, деп жазды зерттеушілер.Жүргізілген талдау бойынша, ер адам отбасында зорлық-зомбылық қолданса, оның ата-ана құқығын шектеу немесе айыру түріндегі арнайы шаралары бар. Франция құқық қорғаушыларының пікірінше, әйелін немесе балаларын ұрып-соққан күйеу жақсы әке бола алмайды."АҚШ-та қызықты тәжірибе енгізілді: тек отбасылық зорлық-зомбылық істерін қарайтын соттар құрылды. Алайда АҚШ-та әзірге мұндай соттар бар болғаны 200", - деп жазылған мақалада.Сондай-ақ дамыған елдердегі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау тәжірибесін посткеңестік елдерден ерекшелендіретін тағы бір көрсеткіш бар."Кейбір Еуропа елдерінде, мысалы, Германия, Францияда, ұрып-соққаннан кейін әйелдің сотқа жүгінуге және жұбайын ортақ иеліктегі үйден қуып шығу құқығы заңнамалық деңгейде қабылданған" , - деп хабарлады зерттеушілер.Оның үстіне, мұндай өтініштер қысқа мерзімде қаралатынын айтылған."Әйелге баспана іздеудің қажеті жоқ, күйеуіне жақындауға және сөйлесуге тыйым салынады", - деп жазылған талдауда.Соңғы жылдардағы Қазақстандағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы көрсеткендей, отбасылық жанжал кезіндегі заңсыз әрекет фактілері бойынша арыз-шағымдар саны екі есеге өскен.Бас прокуратураның мәліметінше, 2018 жылы тіркелген мұндай әкімшілік іс небәрі 23,9 мың болса, былтыр 47,6 мың іс тіркелген.Зерттеушілердің айтуынша, бұл өсім зорлық-зомбылықтың өсуін білдірмейді."Қарқын көрсеткендей, әйелдер өздерін және балаларын қорғау үшін полицияға жиі хабарласа бастады", - деп қорытындылады агенттік.Ranking.kz редакциясы қазақ қоғамында қауіпті гендерлік стереотиптердің таралуына ықпал ететін себептерге қатысты сарапшылардың пікірлерін де жариялады."БҰҰ-Әйелдер" ұйымының "Қазақстандағы гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қоғамдық қабылдау" атты аналитикалық баяндамасы авторларының пікірінше, Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың тамыры тереңде жатыр."Елде әлі де болса гендерлік кемсітушілік бала кезден басталады. Ол ұлды қыздан жоғары қойғанда көрініс береді. Көбінесе әйелдер ескірген дәстүрлі гендерлік тәртіпті қыздардың бойына сіңіріп, ең бастысы тұрмысқа шығып, отбасын құру дегенді құптайды", - дейді олар.Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кешірім таныту мен жәбірленушіні кінәлау, яғни виктимблейминг деңгейі жоғары.Бұл болған оқиға үшін жауапкершіліктің бір бөлігі жәбірленушіге жүктелетін құбылыс. Айғақ беру кезінде марқұм Салтанатты шарап ішті, жиі ашуланшақ болды және өзін балағаттады деп айыптаған Бишімбаевтың өзін қорғау әрекеті осының жарқын мысал болып табылады. Күдіктінің бұл сөздері қоғамда шу болып, әйелдер марқұмның ар-намысын қолдау үшін онлайн флешмоб бастауына түрткі болды.Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылықтың таралуына ықпал ететін басқа факторлардың қатарында сарапшылар елде дағдарыс орталықтарының жоқтығын, ұрып-соққандар үшін жазаның тым жұмсақтығын және қорғаныс нұсқамаларының әзірленбеген механизмін атады.
https://sputnik.kz/20240415/toqaev-turmystyq-zorlyq-zombylyqqa-qarsy-zanga-qol-qoydy-43664920.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/140/15/1401551_145:0:866:541_1920x0_80_0_0_5f03c92fe51670ab0941ecf1acba25a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, зорлық-зомбылық, заң
қасым-жомарт тоқаев, зорлық-зомбылық, заң
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның басқа елдердегіден айырмашылығы
14:46 15.04.2024 (жаңартылды: 14:47 15.04.2024) Қылмыстық жауапкершілікті салыстыру адам денсаулығына қарсы жиі кездесетін төрт құқық бұзушылық бойынша дайындалған
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамасының басқа елдердегі заңнан қандай айырмашылығы бар екені туралы
Ranking.kz агенттігі тереңдетілген сараптама жариялады.
Еске салайық, өткен аптада Қазақстан сенаты әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады.
Агенттіктің мәліметінше, қасақана кісі өлтіру түріндегі аса ауыр қылмыс үшін Қазақстан заңдарында көзделген жауапкершілік (8 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру мерзімі) басқа ТМД елдері мен Орталық Азиядағы жазаларға жақын. Ал дамыған елдерде адамды өмірінен айыру үшін қылмыстық жауапкершіліктің көлемі 3-4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі төмен бастапқы шекте болуы мүмкін, деп хабарлады Ranking.kz.
Еуропа елдерінде мұндай қылмыстарды қоғамдық айыптау деңгейінің жоғары болғаны сонша, тіпті заңдарда адам өлтірудің ауырлататын жағдайларында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына балама жоқ, деп жазды сарапшылар.
"Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы жоспарланған ұрып-соғу және жеңіл дене жарақаттары туралы баптарға келетін болсақ, дамыған елдерде әйелдердің құқық қорғау ұйымдары мұндай нәтижеге қол жеткізіп үлгерген", - делінген хабарламада.
Агенттік әйелдер өмір сүруге қолайлы елдердің үштігіне кіретін Швецияны мысалға келтіріп, ол елде агрессор күйеуі әйелін ұрғаны үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазды.
"Әйел арыздан бас тартып, күйеуімен татуласқан болса да, қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданады. Швед қоғамының көзқарасы бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылық жеке мәселе емес, қоғамдық мәселе", - деп жазды агенттік.
Зерттеушілер Швецияда 25 жыл бұрын "Әйелдердің жеке басына қолсұқпаушылық туралы заң" қабылданғанын еске салды.
"Жазаланатын әрекеттерге тек дене жарақаты ғана емес, сонымен қатар әйелге психологиялық зорлық-зомбылық пен қаржылық қысым көрсету де жатады", - деп жалғастырды басылым.
Шведтер алдын алу шараларымен белсенді түрде айналысады, яғни деструктивті гендерлік модельдерге қарсы мектеп бағдарламаларын енгізіп, агрессорларды ашуды басқару бойынша психологиялық терапиядан өтуге мәжбүрлейді.
Көптеген дамыған елде зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қолдаудың ұқсас негізгі шаралары бар, деп жазды зерттеушілер.
"АҚШ, Германия, Франция және басқа да Еуропа елдерінде дағдарыс орталықтары мен шелтерлер құрылып, жақсы қаржыландырылады. Мемлекет тарапынан зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету тәжірибесі кеңінен таралған", - деп толықтырды агенттік.
Жүргізілген талдау бойынша, ер адам отбасында зорлық-зомбылық қолданса, оның ата-ана құқығын шектеу немесе айыру түріндегі арнайы шаралары бар. Франция құқық қорғаушыларының пікірінше, әйелін немесе балаларын ұрып-соққан күйеу жақсы әке бола алмайды.
"АҚШ-та қызықты тәжірибе енгізілді: тек отбасылық зорлық-зомбылық істерін қарайтын соттар құрылды. Алайда АҚШ-та әзірге мұндай соттар бар болғаны 200", - деп жазылған мақалада.
Сондай-ақ дамыған елдердегі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау тәжірибесін посткеңестік елдерден ерекшелендіретін тағы бір көрсеткіш бар.
"Кейбір Еуропа елдерінде, мысалы, Германия, Францияда, ұрып-соққаннан кейін әйелдің сотқа жүгінуге және жұбайын ортақ иеліктегі үйден қуып шығу құқығы заңнамалық деңгейде қабылданған" , - деп хабарлады зерттеушілер.
Оның үстіне, мұндай өтініштер қысқа мерзімде қаралатынын айтылған.
"Әйелге баспана іздеудің қажеті жоқ, күйеуіне жақындауға және сөйлесуге тыйым салынады", - деп жазылған талдауда.
Соңғы жылдардағы Қазақстандағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы көрсеткендей, отбасылық жанжал кезіндегі заңсыз әрекет фактілері бойынша арыз-шағымдар саны екі есеге өскен.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2018 жылы тіркелген мұндай әкімшілік іс небәрі 23,9 мың болса, былтыр 47,6 мың іс тіркелген.
"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны да өсті, 2018 жылы 15,5 мың адам болса, өткен жылы 20,8 мың адам", - делінген агенттік хабарламасында.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл өсім зорлық-зомбылықтың өсуін білдірмейді.
"Қарқын көрсеткендей, әйелдер өздерін және балаларын қорғау үшін полицияға жиі хабарласа бастады", - деп қорытындылады агенттік.
Ranking.kz редакциясы қазақ қоғамында қауіпті гендерлік стереотиптердің таралуына ықпал ететін себептерге қатысты сарапшылардың пікірлерін де жариялады.
"БҰҰ-Әйелдер" ұйымының "Қазақстандағы гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қоғамдық қабылдау" атты аналитикалық баяндамасы авторларының пікірінше, Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың тамыры тереңде жатыр.
"Елде әлі де болса гендерлік кемсітушілік бала кезден басталады. Ол ұлды қыздан жоғары қойғанда көрініс береді. Көбінесе әйелдер ескірген дәстүрлі гендерлік тәртіпті қыздардың бойына сіңіріп, ең бастысы тұрмысқа шығып, отбасын құру дегенді құптайды", - дейді олар.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кешірім таныту мен жәбірленушіні кінәлау, яғни виктимблейминг деңгейі жоғары.
Бұл болған оқиға үшін жауапкершіліктің бір бөлігі жәбірленушіге жүктелетін құбылыс. Айғақ беру кезінде марқұм Салтанатты шарап ішті, жиі ашуланшақ болды және өзін балағаттады деп айыптаған Бишімбаевтың өзін қорғау әрекеті осының жарқын мысал болып табылады. Күдіктінің бұл сөздері қоғамда шу болып, әйелдер марқұмның ар-намысын қолдау үшін онлайн флешмоб бастауына түрткі болды.
Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылықтың таралуына ықпал ететін басқа факторлардың қатарында сарапшылар елде дағдарыс орталықтарының жоқтығын, ұрып-соққандар үшін жазаның тым жұмсақтығын және қорғаныс нұсқамаларының әзірленбеген механизмін атады.