Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаМинистерство иностранных дел Казахстана
Министерство иностранных дел Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
Жазылу
Қазақстан Иран мен Израильді ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды.
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдірді.
Тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды.
"Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды.
Бұл қақтығысқа 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылы себеп болды. Жарылыс салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде екі генерал қаза тапқан еді.
Жаңалықтар
0