Қазақстанның басым бөлігінде 14 сәуірде жаңбыр жауып, жел соғады

© Photo : Unsplash / Osman RanaДождь со снегом, иллюстративное фото
Дождь со снегом, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
Жазылу
Соңғы тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша 5 дауылды гидрологиялық ескерту жарияланды
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Елдің көп бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады, жел соғады, деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Елдің оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде жауын-шашын болады,
Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша найзағай, тұман болады, елдің оңтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде.
Соңғы тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша 5 дауылды гидрологиялық ескерту жарияланды.
"Атап айтқанда, Ақмола облысында Балқашын ауылындағы Жабай өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 4 сағат ішінде 27 см көтерілуі жалғасуда. Державинск қаласының Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі 12 сағат ішінде 21 см-ге жалғасуда. Су деңгейі қауіпті деңгейден 15 см-ге асқан", - деді спикер.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында 14-18 сәуірде температуралық фонның жоғарылауына және 16 сәуірден бастап жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын шашынның болжамына, сондай-ақ қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, еріген қар суы мен беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтіледі.
Жаңалықтар
0