Қазақстанда су тасқынына байланысты тағы бір форум өткізілмейді

© Sputnik / Владислав ВодневСилуэты людей на фоне флага Казахстана
Силуэты людей на фоне флага Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
Жазылу
Қазақстан машина жасаушылары форумы 2025 жылға ауыстырылады
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Су тасқынына байланысты елде тағы бір форум өткізілмейтін болды, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты осы жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған ХІІ Қазақстан машина жасаушылары форумы өткізілмейтіні және 2025 жылға ауыстырылатыны жайлы хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды.
Сонымен қатар министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіріп, оның кейінге шегерілуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
IV международный форум выпускников МГИМО в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
"Қаржыны үнемдеу қажет": Тоқаев Астана форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады
Жаңалықтар
0