https://sputnik.kz/20240414/iran-qanday-zhagdayda-izrailge-qarsy-auqymdy-operatsiya-bastaytynyn-aytty-43652607.html
Иран қандай жағдайда Израильге қарсы ауқымды операция бастайтынын айтты
Иран қандай жағдайда Израильге қарсы ауқымды операция бастайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Иран "Шынайы уәде" операциясын аяқтады және оны жалғастыруды жоспарлап отырған жоқ, бірақ Тель-Авив Тегеранға қарсы қандай да бір... 14.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-14T19:03+0500
2024-04-14T19:03+0500
2024-04-14T19:03+0500
иран
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/18/39632160_0:0:2932:1649_1920x0_80_0_0_16efa486a6a6cc3797fb285282721711.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Иран "Шынайы уәде" операциясын аяқтады және оны жалғастыруды жоспарлап отырған жоқ, бірақ Тель-Авив Тегеранға қарсы қандай да бір шара қолданатын болса, Иранның келесі операциясы бұрынғысынан да ауқымды болады, деді Иран қарулы күштері бас штабының басшысы Мұхаммед Багери. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.Ирандағы Ислам революциясының Сақшылар корпусы жексенбі түнде Израиль авиациясының сәуір айының басында Сириядағы Иран консулдығы ғимаратын талқандауына жауап ретінде Израиль территориясына шабуыл жасағанын хабарлады. Түрлі дереккөздерге сәйкес шабуылға бірнеше ондаған зымыраннан жүздеген зымыранға дейін және ұшқышсыз ұшу аппараттары, соның ішінде Shahed камикадзе қатысты.Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) қарулы күштер жоғары дайындықта екенін хабарлады. Пентагон Израильді қолдайтынын айтты, ал Иранның БҰҰ-дағы миссиясы мұны Тегеран мен Тель-Авив арасындағы қақтығыс деп атап, Вашингтонды араласпауға шақырды.
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/18/39632160_161:0:2892:2048_1920x0_80_0_0_83eaa4fd9a004e80ff296a52c84f3434.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран
Иран қандай жағдайда Израильге қарсы ауқымды операция бастайтынын айтты
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Иран "Шынайы уәде" операциясын аяқтады және оны жалғастыруды жоспарлап отырған жоқ, бірақ Тель-Авив Тегеранға қарсы қандай да бір шара қолданатын болса, Иранның келесі операциясы бұрынғысынан да ауқымды болады, деді Иран қарулы күштері бас штабының басшысы Мұхаммед Багери. Бұл туралы
РИА Новости хабарлайды.
"Біз бұл операцияны толық нәтиже берді деп санаймыз және бұл операция аяқталды және оны жалғастыруды жоспарлап отырған жоқпыз. Дегенмен, Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы қандай да бір шара қолданса, мейлі ол өз территориямызда болсын, Сирияда немесе басқа жерде бізге тиесілі орталықтарда болсын, біздің келесі операциямыз бұдан әлдеқайда ауқымды болады", - деп хабарлайды Tasnim агенттігі Багери сөзін келтіріп.
Ирандағы Ислам революциясының Сақшылар корпусы жексенбі түнде Израиль авиациясының сәуір айының басында Сириядағы Иран консулдығы ғимаратын талқандауына жауап ретінде Израиль территориясына шабуыл жасағанын хабарлады. Түрлі дереккөздерге сәйкес шабуылға бірнеше ондаған зымыраннан жүздеген зымыранға дейін және ұшқышсыз ұшу аппараттары, соның ішінде Shahed камикадзе қатысты.
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) қарулы күштер жоғары дайындықта екенін хабарлады. Пентагон Израильді қолдайтынын айтты, ал Иранның БҰҰ-дағы миссиясы мұны Тегеран мен Тель-Авив арасындағы қақтығыс деп атап, Вашингтонды араласпауға шақырды.