https://sputnik.kz/20240414/eldegi-57-bilim-beru-uyymynyn-gimaratyna-evakuatsiyalyq-punktter-ornalastyryldy-43649875.html
Елдегі 57 білім беру ұйымының ғимаратында эвакуациялық пункт ұйымдастырылды
Елдегі 57 білім беру ұйымының ғимаратында эвакуациялық пункт ұйымдастырылды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта балаларды тұруға және сабақ оқуға әлдеқайда қолайлы орындарға орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр 14.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-14T10:21+0500
2024-04-14T10:21+0500
2024-04-14T14:18+0500
су тасқыны
оқу-ағарту министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0e/43649713_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_cf28a77724cf4a5213502481a6821484.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ғани Бейсембаев Атырау және Маңғыстау облыстарында болып, эвакуациялық пункттер орналастырылған білім беру нысандарын аралады. Өңірлердегі оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысты, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатқан жергілікті ұстаздармен кездесті. Бүгінгі күні Атырау облысының балалары эвакуациялық пункттерге ретінде орналастырылған. Оның ішінде APEC PetroTechnic жоғарғы колледжіне Жылыой ауданынан 36 тұрғын қабылданды. Олардың 17-сі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.Махамбет ауданында, сондай-ақ Еркінқала елді мекенінде Жайық жағасында министр су тасқынына қарсы шараларға қатысушы жергілікті педагогтермен, колледж студенттерімен кездесіп, өзен жағасын бекіту жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімі жасалатынын және жаңа оқу жылы басталғанға дейін педагогтер мен мектептердің оқу процесіне дайын болуы үшін барлық шаралардың қабылданатынын айтты. Атап өту керек, су тасқынына қарсы шараларға білім беру саласы бойынша барлығы 26 мыңнан астам қызметкер атсалысуда, оның ішінде 11 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Маңғыстау облысында болып, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.
https://sputnik.kz/20240411/tasqynnan-qatty-zardap-shekken-onirlerdegi-oqushylar-emtikhandar-men-synaqtardan-bosatyldy-43610586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0e/43649713_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_43508da9a3b2e48b92d2fa41c6f447ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, оқу-ағарту министрлігі
су тасқыны, оқу-ағарту министрлігі
Елдегі 57 білім беру ұйымының ғимаратында эвакуациялық пункт ұйымдастырылды
10:21 14.04.2024 (жаңартылды: 14:18 14.04.2024) Қазіргі уақытта балаларды тұруға және сабақ оқуға әлдеқайда қолайлы орындарға орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ғани Бейсембаев Атырау және Маңғыстау облыстарында болып, эвакуациялық пункттер орналастырылған білім беру нысандарын аралады. Өңірлердегі оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысты, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатқан жергілікті ұстаздармен кездесті.
Бүгінгі күні Атырау облысының балалары эвакуациялық пункттерге ретінде орналастырылған. Оның ішінде APEC PetroTechnic жоғарғы колледжіне Жылыой ауданынан 36 тұрғын қабылданды. Олардың 17-сі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
"Мемлекет су тасқынын жою бойынша тиісті шараларды қабылдауда. 57 білім беру ұйымының ғимаратына эвакуациялық пункттер орналастырылды. Қазіргі уақытта балаларды тұруға және сабақ оқуға әлдеқайда қолайлы орындарға орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су тасқыны басталған уақыттан бастап 3,6 мыңнан астам бала сауықтыру орталықтарына, инновациялық мектеп-лицейлердің, жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларына жіберілді. Әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, осы мақсатта министрліктің өкілдері өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде балалармен және педагогтермен кездесуде", - деп атап өтті министр.
Махамбет ауданында, сондай-ақ Еркінқала елді мекенінде Жайық жағасында министр су тасқынына қарсы шараларға қатысушы жергілікті педагогтермен, колледж студенттерімен кездесіп, өзен жағасын бекіту жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімі жасалатынын және жаңа оқу жылы басталғанға дейін педагогтер мен мектептердің оқу процесіне дайын болуы үшін барлық шаралардың қабылданатынын айтты.
Атап өту керек, су тасқынына қарсы шараларға білім беру саласы бойынша барлығы 26 мыңнан астам қызметкер атсалысуда, оның ішінде 11 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Маңғыстау облысында болып, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.