Жабай өзенінде су деңгейі төмендеді – әкімдік

© Sputnik / Елена БережнаяӨзен. Архивтегі фото
Өзен. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Жазылу
11 сәуірде Атбасар ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған болатын
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының Атбасар ауданында Жабай өзеніндегі су деңгейі 5,5 метрден 5 метрге дейін төмендеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Бұл жағдайдың біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары су тасқыны кезінде халыққа берілетін ауыз судың сапасын бақылау мақсатында қала көшелеріндегі сумен жабдықтау жүйелерінен су сынамаларын алды.
Мамандар суды пайдаланудан қорқудың қажеті жоқ екенін алдын ала растады және сараптама нәтижелері жақын арада жарияланатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар Атбасар қаласының бүлінген көше жолдарын қалпына келтіру, сондай-ақ су басқан аулалардан су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен тұрғындар су тасқынынан туындаған шығындарын өтеу үшін өтемақы алуға өтініш беріп жатыр.
Еске салсақ, осы жылдың 11 сәуірінде Атбасар ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. 12 сәуірде ауданда төтенше жағдай салдарынан келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылды.
Жаңалықтар
0