Су тасқыны кезінде билет бағасы қандай болады - ҚТЖ мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба АО НК КТЖ /AlexanbrZhadchukПоезд "Тальго" отправился в первый рейс из столицы до Алаколя
Поезд Тальго отправился в первый рейс из столицы до Алаколя - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Жазылу
Еліміздің су басу қаупі бар аймақтарынан ҚТЖ 13 мың адамды тегін тасымалдаған
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Су тасқыны кезінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарына билет бағасы қымбаттаған жоқ және бұрынғы деңгейде қалады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
"Орал-Қызылорда бағытындағы пойыздарда купеде жүру құны 13 915 теңге, екінші санатты вагондарда 9 216 теңге. Атырау-Астана-Қарағанды бағытындағы пойыздарда жүру құны купеде 18 114 теңге, купеде 11 898 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, еліміздің су басу қаупі бар аймақтарынан ҚТЖ 13 мың адамды тегін тасымалдаған, оның ішінде Атырау-Құлсары-Мақат және Атырау-Құлсары-Маңғыстау бағыттары бойынша 10 мың адам тасымалданды. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан мен Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 2,7 мыңға жуық қызметкер тасымалданды және жүк вагондарымен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.
Ұлттық тасымалдаушы 13 сәуірден бастап Орал-Қызылорда, Атырау-Астана-Қарағанды және Атырау-Алматы бағыттарында қосымша пойыздар қосуды жоспарлап отыр. Астана-Атырау-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарына қосымша тіркеме вагондар қосылды. Бұл қосымша екі мыңға жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, дейді компаниядағылар.
Airbus 321LR авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді
Жаңалықтар
0