Президент күйші Әбдімомын Желдібаевтың отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Жазылу
Әбдімомын Желдібаев - қазақ қыздарының тұтас бейнесін суреттейтін танымал "Ерке сылқым" күйінің авторы
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Абдимомын Желдибаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Абдимомын Желдибаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, "Парасат", "Құрмет", "Достық" ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
"Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. "Ерке сылқым" сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Әбдімомын Желдібаев 1937 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды.
Композитордың "Толғау", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", "Арман құс", "Абай арманы", "Жамбыл толғауы", "Тұран елі" сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.
Жаңалықтар
0