Бишімбаевқа қатысты соттың трансляциясы ондаған елде көрсетіліп жатыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Жазылу
Жоғарғы сотқа осы сот процесін өз елінде онлайн таратуға рұқсат беру туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түсіп жатыр
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінің трансляциясын АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттер көріп жатыр, деп хабарлады Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас.
"27 наурыздан бастап 9 сот процесі бойынша 17 тікелей эфир өткізілді. Жалпы, тікелей эфирдің ретрансляциясына, процесске БАҚ-тың қатысуына ешқандай кедергі, шектеу болған жоқ. Жоғарғы сотқа осы сот процесін өз елінде онлайн таратуға рұқсат беру туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түсуде. Дәл қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз", - деп атап өтті ол.
Оныңайтуынша, Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы жазбаны көру қаралымы 1,5 млн-нан асқан.
"Тікелей эфирге 250 көрерменнің бір мезгілде қосылу бойынша рекорд тіркелді", - деп толықтырды Перизат Сәдуақас.
25-44 жас аралығындағы көрермендер жалпы көрермен санының 58%-ын құрап отыр. Сондай-ақ, біз жүргізген талдауға сәйкес тікелей эфир көрермендерінің 75%-ы қыз-келіншектер.
Жаңалықтар
0