https://sputnik.kz/20240413/aqsh-tagy-qazaqstandyqtar-zhylu-zhinap-zhatyr-43646801.html
АҚШ-тағы қазақстандықтар жылу жинап жатыр
АҚШ-тағы қазақстандықтар жылу жинап жатыр
Sputnik Қазақстан
3-4 күнде бірнеше мың доллар жиналған. Алдағы уақытта көмек қаражаты "Біз біргеміз" қорына жіберіледі 13.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-13T18:30+0500
2024-04-13T18:30+0500
2024-04-13T18:30+0500
су тасқыны
қайырымдылық
https://sputnik.kz/img/07e5/01/12/16058921_0:62:3421:1986_1920x0_80_0_0_da40fceeb113f96267b0817a304ff4f5.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Мұхиттың ар жағындағы жерлестеріміз де елдегі су тасқынына алаңдап, жылу жинап жатыр, деп хабарлады 24 KZ.Ұзақ жылдан бері Америкада тұратын олардың көбінде қазақстандық банктерде ашылған есепшоттары жоқ. Сондықтан тікелей қаржылай көмек көрсету қиын. Соған қарамастан барлық мүмкіндікті қарастырып, қол ұшын созып жатыр.АҚШ астанасы Вашингтон мен оның маңайындағы Мэриленд және Вирджиния штаттарында үлкен қазақ диаспорасы шоғырланған. Олардың басын біріктіріп, түрлі мәдени ұлттық іс-шаралар ұйымдастырып жүрген Қазақ-американ қауымдастығы тасқыннан зардап шеккен ағайынға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы қор құрып, америкалық банктен шот ашты.АҚШ-та жұмыс істеп, табыс табатын әр адам кірісін салық басқармасында көрсететіндіктен, қаражаттың қайырымдылыққа жұмсалғанын дәлелдейтін құжат беріледі. Салықтық жеңілдік жасалады. Сол себепті Қазақстанға қаржылай көмек жобасына өзге ұлт өкілдерін де тартуға болады, – дейді ұйымдастырушылар.Питсбургта Болашақ бағдарламасымен оқып жатқан Нұрбек Рахманқұл, жұбайы Меруертпен бірге Пенсильвания штатындағы қазақ диаспорасы мен АҚШ-та оқып жүрген қазақ студенттерден онлайн платформада қаражат жинауды ұйымдастырған."Елімізде болып жатқан ауыр жағдай бізді де ойландырмай қоймайды. Осыған байланысты біз өз мүмкіндігімізді пайдаланып, АҚШ-тағы қазақ диаспорасынан және қазақстандық студенттерден фандрайзинг ұйымдастырып жатырмыз. Қазіргі таңда Қазақстанға көмек жібергісі келетін қазақ диаспорасы және студенттері мүмкіндіктеріне қарай 5-10 доллардан бастап 100-200 долларға дейін өздерінің қаржылай көмектерін жіберіп жатыр", - дейді Нұрбек Рахманқұл.Аталған екі қорда 3-4 күнде бірнеше мың доллар жиналған. Алдағы уақытта көмек қаражатын "Біз біргеміз" Қазақстан қорына жіберу жоспарланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/12/16058921_345:0:3076:2048_1920x0_80_0_0_9e091358214b22c78f4474b0dba3b4e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қайырымдылық
АҚШ-тағы қазақстандықтар жылу жинап жатыр
3-4 күнде бірнеше мың доллар жиналған. Алдағы уақытта көмек қаражаты "Біз біргеміз" қорына жіберіледі
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Мұхиттың ар жағындағы жерлестеріміз де елдегі су тасқынына алаңдап, жылу жинап жатыр, деп хабарлады
24 KZ. Ұзақ жылдан бері Америкада тұратын олардың көбінде қазақстандық банктерде ашылған есепшоттары жоқ. Сондықтан тікелей қаржылай көмек көрсету қиын. Соған қарамастан барлық мүмкіндікті қарастырып, қол ұшын созып жатыр.
АҚШ астанасы Вашингтон мен оның маңайындағы Мэриленд және Вирджиния штаттарында үлкен қазақ диаспорасы шоғырланған. Олардың басын біріктіріп, түрлі мәдени ұлттық іс-шаралар ұйымдастырып жүрген Қазақ-американ қауымдастығы тасқыннан зардап шеккен ағайынға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы қор құрып, америкалық банктен шот ашты.
АҚШ-та жұмыс істеп, табыс табатын әр адам кірісін салық басқармасында көрсететіндіктен, қаражаттың қайырымдылыққа жұмсалғанын дәлелдейтін құжат беріледі. Салықтық жеңілдік жасалады. Сол себепті Қазақстанға қаржылай көмек жобасына өзге ұлт өкілдерін де тартуға болады, – дейді ұйымдастырушылар.
"Жәрдем ретінде ақшаны қалай жіберуге болатыны жайында көп сұрақ келгендіктен, біз Қазақ-американ қауымдастығы атынан қор құрдық. Бұл бір жағынан қайырымдылық жасаушылар алаяқтарға ұрынып қалмай, қаражаттың нақты қайда баратынын білу мақсатында жасалса, екінші жағынан қаржылай қайырымдылық көмек көрсеткен адам табыс салығын қысқарта алады. Өйткені Америкада қайрымдылыққа бөлінген ақшаға салық салынбайды", - дейді Kazakh-American Assoсiation белсенді өкілі Расул Ешпаев.
Питсбургта Болашақ бағдарламасымен оқып жатқан Нұрбек Рахманқұл, жұбайы Меруертпен бірге Пенсильвания штатындағы қазақ диаспорасы мен АҚШ-та оқып жүрген қазақ студенттерден онлайн платформада қаражат жинауды ұйымдастырған.
"Елімізде болып жатқан ауыр жағдай бізді де ойландырмай қоймайды. Осыған байланысты біз өз мүмкіндігімізді пайдаланып, АҚШ-тағы қазақ диаспорасынан және қазақстандық студенттерден фандрайзинг ұйымдастырып жатырмыз. Қазіргі таңда Қазақстанға көмек жібергісі келетін қазақ диаспорасы және студенттері мүмкіндіктеріне қарай 5-10 доллардан бастап 100-200 долларға дейін өздерінің қаржылай көмектерін жіберіп жатыр", - дейді Нұрбек Рахманқұл.
Аталған екі қорда 3-4 күнде бірнеше мың доллар жиналған. Алдағы уақытта көмек қаражатын "Біз біргеміз" Қазақстан қорына жіберу жоспарланған.