https://sputnik.kz/20240412/ukrainada-demobilizatsiya-turaly-norma-zannan-alyndy-rada-deputaty-tusinikteme-berdi-43634847.html
Украинада демобилизация туралы норма заңнан алынды: Рада депутаты түсініктеме берді
Украинада демобилизация туралы норма заңнан алынды: Рада депутаты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Украинадағы мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасынан демобилизация туралы норма Батыстың Киевке көмегіне әсер етеді деген... 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T17:25+0500
2024-04-12T17:25+0500
2024-04-12T17:25+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/967/72/9677283_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_60550489a65bd4e7a3cd7d518848195b.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Украинадағы мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасынан демобилизация туралы норма Батыстың Киевке көмегіне әсер етеді деген қауіппен алынып тасталды, деп мәлімдеді Жоғарғы Раданың депутаты Евгения Кравчук. Бұл туралы РИА Новости жазды.Бейсенбі күні Жоғарғы Рада Украинадағы мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасын қабылдады. Құжатты парламентте екінші оқылымда қарауға шығару қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитеті демобилизациялау туралы тармақты құжат мәтінінен алып тастады. Кейін Украина қорғаныс министрлігінің өкілі Дмитрий Лазуткин демобилизация туралы жеке заң жобасын әзірлеу жоспарланып отырғанын, бұл үшін сегіз ай уақыт бөлінгенін айтты.Ол заң жобасына демобилизация туралы нормаларды енгізуді "өте асығыс қадам" деп атады. Оның айтуынша, "жау күшейіп жатқанда, армия үйге қайта алмайды".Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді, келесі күні Владимир Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынды.Қазан айында Time журналы Зеленскийдің көмекшісіне сілтеме жасап, украин әскерінің қатары азайып кеткені сонша, әскери комиссариаттар орташа жасы 43-тегі адамдарды әскерге шақыруға мәжбүр болғаны туралы хабарлады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/967/72/9677283_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_ecd69d5520a4542fc8993682ddb85bfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Украинадағы мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасынан демобилизация туралы норма Батыстың Киевке көмегіне әсер етеді деген қауіппен алынып тасталды, деп мәлімдеді Жоғарғы Раданың депутаты Евгения Кравчук. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Бейсенбі күні Жоғарғы Рада Украинадағы мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасын қабылдады. Құжатты парламентте екінші оқылымда қарауға шығару қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитеті демобилизациялау туралы тармақты құжат мәтінінен алып тастады. Кейін Украина қорғаныс министрлігінің өкілі Дмитрий Лазуткин демобилизация туралы жеке заң жобасын әзірлеу жоспарланып отырғанын, бұл үшін сегіз ай уақыт бөлінгенін айтты.
"Бұл туралы көп айтпайды, бірақ мен оны Батыстағы серіктестерімізбен сөйлескенде сезіндім. Олар мобилизациялау туралы заң жобасының төңірегіндегі дауды мұқият бақылап отырды. Олар "Сіздер соғысасыздар ма? Біз көмектесіп жатырмыз ғой" деп анықтап сұрады. Демобилизация қандай белгі болмақ? Анығында армияның едәуір бөлігі үйіне қайтады деген сөз. Бұл нені білдіреді? Біз берілгелі жатырмыз ба? Неліктен берілмекші болған елге олар көмектесу керек? " – деді Кравчук жалпы украиналық телемарафонның эфирінде.
Ол заң жобасына демобилизация туралы нормаларды енгізуді "өте асығыс қадам" деп атады. Оның айтуынша, "жау күшейіп жатқанда, армия үйге қайта алмайды".
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді, келесі күні Владимир Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынды.
Қазан айында Time журналы Зеленскийдің көмекшісіне сілтеме жасап, украин әскерінің қатары азайып кеткені сонша, әскери комиссариаттар орташа жасы 43-тегі адамдарды әскерге шақыруға мәжбүр болғаны туралы хабарлады.