https://sputnik.kz/20240412/su-tasqyny-tazhikstan-prezidenti-qazaqstanga-komek-korsetuge-dayyn-ekenin-malimdedi-43637565.html
Су тасқыны: Тәжікстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Су тасқыны: Тәжікстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Эмомали Рахмон еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдірді 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T20:43+0500
2024-04-12T20:43+0500
2024-04-12T20:58+0500
су тасқыны
тәжікстан
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605449_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3434aa4f8eedcaf4029f225bb4a67c15.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.Ал мемлекет басшысы тілеулестік танытқаны үшін Тәжікстан президентіне алғыс айтып, қазіргі таңда су тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін, үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты.Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі елдің үкіметтеріне саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.Мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605449_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_6465bae17be14fc43f58db10b0cfe763.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, тәжікстан
Су тасқыны: Тәжікстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
20:43 12.04.2024 (жаңартылды: 20:58 12.04.2024) Эмомали Рахмон еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдірді
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.
"Тәжікстан президенті еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Ал мемлекет басшысы тілеулестік танытқаны үшін Тәжікстан президентіне алғыс айтып, қазіргі таңда су тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін, үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты.
Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі елдің үкіметтеріне саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.
Мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.