https://sputnik.kz/20240412/shetelde-oqytamyn-dep-balamnan-ayyryla-zhazdadym--almaty-turgyny-43635723.html
Шетелде оқытамын деп баламнан айырылып қала жаздадым – Алматы тұрғыны
Шетелде оқытамын деп баламнан айырылып қала жаздадым – Алматы тұрғыны
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Тәуірбаеваның шетелге оқуға кеткен баласын белгісіз біреулер қорқытып, күштеп белгісіз ағымға... 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T18:10+0500
2024-04-12T18:10+0500
2024-04-12T18:12+0500
шетел
студент
https://sputnik.kz/img/708/04/7080404_0:146:1921:1226_1920x0_80_0_0_fe5bd4d414976389ff2d37bd27e8ec00.jpg
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Тәуірбаеваның шетелге оқуға кеткен баласын белгісіз біреулер қорқытып, күштеп белгісіз ағымға кіргізбек болған. Ұлынан айырылып қала жаздаған ана Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді.Оның айтуынша, осы аралықта бозбала жатақханадан шығып кетіп, пәтерге көшкен."Біз уайымдай бастадық. Тіпті оқу орнының төлемақысын алдын ала төлеп қойғанымызға қарамастан күйеуіміз екеуміз баланы тезірек елге қайтарамыз деп шештік", - дейді Ғалия.Отбасы баласын қайтару үшін Түркиядан Қазақстанға бірден билет алады."Балама хабарласып, билет алып қойғанымызды айтып едік, жаңағы "құпия досы" баламның қайтпайтынын, оның ірі көлемде ақша қарыз екенін, келісімшартқа отырып қойғанын айтты. Біз не сұраса да береміз, тек баламызды қайтар деп өтіндік. Балам Қазақстанға ұшып келіп, әуежайда жылап қалды, түрінен түр жоқ", - дейді ұлымен қауышқан ана.Айтуынша, оны бірнеше ай бойы ұрып-соғып, тауға алып шығып әбден қинаған. Киімдерін тартып алған.Жасөспірім психологтар мен психотерапевтерге қаралып жүр. Ғалия барлық ата-анадан балаларын шетелге жіберерде аса мұқият болуды сұрайды."Біздің білім министрлігі, сыртқы істер министрлігі, жалпы шетелде оқып жүрген жастармен айналысатын қазақстандық мамандар жастарды барынша назарда ұстаса екен", - дейді ол.Қоғам белсендісі Жарқын Күреңтаев Қазақстандағы дипломатиялық қызметтер шетелде оқитын жастардың мәселесімен айналысу керектігін айтады."Бұл жағдайды құқық қорғау саласының бәрі біледі және оны күштеп белгісіз ағымға кіргізбек болғанын да растап отыр. Тек Түркия емес, мейлі АҚШ, мейлі Қытай, кез келген шетелге кеткен жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы", - дейді Жарқын Күреңтаев.Оның пікірінше, жастарды білім алады деп шетелге жіберіп қана қоймай, оларды жіті бақылауда ұстау керек. Қазақстандық дипломатиялық қызметтер толыққанды осы мәлені шешу керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/708/04/7080404_46:0:1874:1371_1920x0_80_0_0_b1fa7db9dbe189b49c71da7d09b712f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
шетел, студент
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Тәуірбаеваның шетелге оқуға кеткен баласын белгісіз біреулер қорқытып, күштеп белгісіз ағымға кіргізбек болған. Ұлынан айырылып қала жаздаған ана
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
"Баламды Түркияға оқуға жібердім. Алғашқы семестр кезінде еш өзгеріс болған жоқ, балам бұрынғыдай ашық-жарқын болып жүрді. Екінші семестр кезінде мінезі өзгере бастады. Аяқасты "құпия" дос пайда болды. Тіпті телефон шалсам жауап бермейді. Тек белгілі бір уақытта ғана, бір ғана ракуста тұрып сөйлесетінді шығарды", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Тәуірбаева.
Оның айтуынша, осы аралықта бозбала жатақханадан шығып кетіп, пәтерге көшкен.
"Біз уайымдай бастадық. Тіпті оқу орнының төлемақысын алдын ала төлеп қойғанымызға қарамастан күйеуіміз екеуміз баланы тезірек елге қайтарамыз деп шештік", - дейді Ғалия.
Отбасы баласын қайтару үшін Түркиядан Қазақстанға бірден билет алады.
"Балама хабарласып, билет алып қойғанымызды айтып едік, жаңағы "құпия досы" баламның қайтпайтынын, оның ірі көлемде ақша қарыз екенін, келісімшартқа отырып қойғанын айтты. Біз не сұраса да береміз, тек баламызды қайтар деп өтіндік. Балам Қазақстанға ұшып келіп, әуежайда жылап қалды, түрінен түр жоқ", - дейді ұлымен қауышқан ана.
Айтуынша, оны бірнеше ай бойы ұрып-соғып, тауға алып шығып әбден қинаған. Киімдерін тартып алған.
"Жаңағы "құпия досы" оны қорғаймын деп уәде беріп, намаз оқуға күштеген. Баламның жүйке-жүйесіне салмақ түскен, әлі күнге емдеп жатырмыз", - дейді Ғалия Тәуірбаева.
Жасөспірім психологтар мен психотерапевтерге қаралып жүр. Ғалия барлық ата-анадан балаларын шетелге жіберерде аса мұқият болуды сұрайды.
"Біздің білім министрлігі, сыртқы істер министрлігі, жалпы шетелде оқып жүрген жастармен айналысатын қазақстандық мамандар жастарды барынша назарда ұстаса екен", - дейді ол.
Қоғам белсендісі Жарқын Күреңтаев Қазақстандағы дипломатиялық қызметтер шетелде оқитын жастардың мәселесімен айналысу керектігін айтады.
"Бұл жағдайды құқық қорғау саласының бәрі біледі және оны күштеп белгісіз ағымға кіргізбек болғанын да растап отыр. Тек Түркия емес, мейлі АҚШ, мейлі Қытай, кез келген шетелге кеткен жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы", - дейді Жарқын Күреңтаев.
Оның пікірінше, жастарды білім алады деп шетелге жіберіп қана қоймай, оларды жіті бақылауда ұстау керек. Қазақстандық дипломатиялық қызметтер толыққанды осы мәлені шешу керек.