https://sputnik.kz/20240412/qazaqstanda-qr-kodtardyn-biryngay-bazasy-iske-qosylady--ulttyq-bank-43632071.html
QR-кодтардың бірыңғай базасы іске қосылады – Ұлттық банк
QR-кодтардың бірыңғай базасы іске қосылады – Ұлттық банк
Sputnik Қазақстан
Осы жылдың соңына дейін Ұлттық банк жүйені пилоттық режимде сынақтан өткізеді 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T15:28+0500
2024-04-12T15:28+0500
2024-04-12T16:11+0500
ұлттық банк
тимур сүлейменов
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075233_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_badc48b91fc009bbcbe5e4ef9869d832.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады, деп хабарлады Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов.Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бірыңғай QR-код кез келген банктің қосымшасы арқылы сатып алу кезінде төлем жасауға мүмкіндік береді – ол өзара танылады.Оның айтуынша, жыл соңына дейін бірыңғай деректер базасы пилоттық режимде жұмыс істейді."Ал келесі жылдың басынан бастап біз жобаны толыққанды форматта жүзеге асырамыз және оған барлық банк енеді деп ойлаймыз", - деп бөлісті ол.Ұлттық банк басшысы журналистердің қазақстандықтардың жеке деректерінің сақталуына қатысты алаңдаушылығына да түсініктеме берді."Транзакцияны кім орындады, қай уақытта, оның шотында қанша ақша бар, оның аты-жөні кім екені туралы барлық жеке ақпарат қазіргідей банктің өзінде сақталады", - деді Сүлейменов.Ол сондай-ақ бірыңғай деректер базасы бұрыннан бар QR-төлем әдістерінің жүйесін алмастыра алмайтынын, инфрақұрылым банктерде қалатынын, Ұлттық банк бұл жерде байланыстырушы көпір қызметін атқаратынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075233_121:0:1942:1366_1920x0_80_0_0_31bd052cefa0a368bb87a82f8ff94d11.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, тимур сүлейменов
ұлттық банк, тимур сүлейменов
QR-кодтардың бірыңғай базасы іске қосылады – Ұлттық банк
15:28 12.04.2024 (жаңартылды: 16:11 12.04.2024) Осы жылдың соңына дейін Ұлттық банк жүйені пилоттық режимде сынақтан өткізеді
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады, деп хабарлады Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бірыңғай QR-код кез келген банктің қосымшасы арқылы сатып алу кезінде төлем жасауға мүмкіндік береді – ол өзара танылады.
"Қазір сіз дүкенге барып, QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, сізден "Halyk немесе Kaspi банк пе?" деп сұрайды. Себебі, Halyk bank қосымшасында Kaspi терминалы арқылы және керісінше төлем жасау мүмкін емес. Бұл тұтынушыларға да, банктерге де қолайсыз", - деп түсіндірді Сүлейменов.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін бірыңғай деректер базасы пилоттық режимде жұмыс істейді.
"Ал келесі жылдың басынан бастап біз жобаны толыққанды форматта жүзеге асырамыз және оған барлық банк енеді деп ойлаймыз", - деп бөлісті ол.
Ұлттық банк басшысы журналистердің қазақстандықтардың жеке деректерінің сақталуына қатысты алаңдаушылығына да түсініктеме берді.
"Транзакцияны кім орындады, қай уақытта, оның шотында қанша ақша бар, оның аты-жөні кім екені туралы барлық жеке ақпарат қазіргідей банктің өзінде сақталады", - деді Сүлейменов.
Ол сондай-ақ бірыңғай деректер базасы бұрыннан бар QR-төлем әдістерінің жүйесін алмастыра алмайтынын, инфрақұрылым банктерде қалатынын, Ұлттық банк бұл жерде байланыстырушы көпір қызметін атқаратынын айтты.