Еліміздің бұрынғы ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жоғалтып алдық - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев проводит заседание Национального совета по науке и технологиям
Касым-Жомарт Токаев проводит заседание Национального совета по науке и технологиям  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2024
Жазылу
Мемлекет басшысының айтуынша, 40 мың ғалым 90-шы жылдардағы қиын кезеңде ғылымнан мүлде қол үзді
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отыр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында.

"Мен ғылымды дамыту туралы үнемі айтып жүрмін. Әрине, ғылымды бір күнде немесе бір жылда дамытып жіберу мүмкін емес. Ұзақ уақыт табанды жұмыс істеу керек. Өкінішке қарай, Қазақстанда ондаған жыл бойы ғылымға жете мән берілген жоқ. Шынын айту керек. Еліміздің бұрынғы ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жоғалтып алдық", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, 40 мың ғалым 90-шы жылдардағы қиын кезеңде ғылымнан мүлде қол үзді.
"Кейбір институттар сақталып қалғанымен, жалпы ғылым біртұтас жүйе ретінде қатты әлсіреп кетті. Осының салдары енді көрініп жатыр. Біз еліміздің ғылыми әлеуетін қалпына келтіруіміз керек", - деді президент.
Соынмен қатар президент су тасқынына қатысты алдымызда тұрған міндеттер – өте күрделі, ауқымды екенін атап өтті.
(Апаттан зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті жағдайды жасауымыз керек. Бұл – қомақты қаражатты талап ететін жұмыс. Бірақ біз халықтың алдындағы міндеттемелерімізді толығымен орындаймыз. Бұл – парыз. Мен үшін бұл – ең маңызды және дәл қазіргі кездегі ең қажетті жұмыс", - деді Тоқаев.
Деньги тенге монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Тасқыннан зардап шеккен әр отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы беріледі
Жаңалықтар
0