https://sputnik.kz/20240411/qulsary-qalasynda-zhem-ozeninin-dengeyi-tomendedi-43613324.html
Құлсары қаласында Жем өзенінің деңгейі төмендеді
Құлсары қаласында Жем өзенінің деңгейі төмендеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Құлсары қаласында су тасқыны басталғаннан бері Жем өзенінің су деңгейі 92 см-ге төмендегені байқалады, деп хабарлайды төтенше... 11.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-11T21:20+0500
2024-04-11T21:20+0500
2024-04-11T21:20+0500
атырау облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685380_397:0:4038:2048_1920x0_80_0_0_63dc39b9382a296c95ba024cb387ad0f.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Құлсары қаласында су тасқыны басталғаннан бері Жем өзенінің су деңгейі 92 см-ге төмендегені байқалады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Аудан орталығында суға кеткен үй саны соңғы деректер бойынша 2810-ға жетті. Аудан төңірегінде облыстық маңызы бар "Доссор-Кұлсары-Ақтау" тас жолын су шайып кетті.Ауданнан 36 738 адам, оның ішінде 8 382 бала эвакуацияланды. 10 мыңнан астам төрт түлік мал қауіпсіз жерге көшірілді.2024 жылғы 5 сәуірден бастап Төтенше жағдайлар департаментінде "қауырт желі" жұмыс жасауда. Су тасқыны орын алғалы 129 қоңырау келіп түсті.Сонымен қатар, эвакуацияланған тұрғындарға шұғыл-психологиялық көмек көрсетілуде.Тасқын сумен бірнеше күннен бері күресіп жатқан жылыойлықтарға жан-жақтан қолдау көрсетіліп, гуманитарлық көмек келіп жатыр.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685380_852:0:3583:2048_1920x0_80_0_0_30c2bd1e69837b844622b90d6e1a2bc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, су тасқыны
атырау облысы, су тасқыны
Құлсары қаласында Жем өзенінің деңгейі төмендеді
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Құлсары қаласында су тасқыны басталғаннан бері Жем өзенінің су деңгейі 92 см-ге төмендегені байқалады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Су тасқынының салдарын жою үшін Жылыой ауданында 6052 адам, 219 бірлік техника, 17 бірлік жүзу құралдары, 21 бірлік мотопомпалар жұмылдырылды. Ауданында жаға бекіту жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қауіптің бетін қайтаруға ЖАО, ТЖД, ҚМ әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан әскери бөлімі, ПД және еріктілер мен ауыл тұрғындары бірлесіп ат салысуда", - делінген хабарламада.
Аудан орталығында суға кеткен үй саны соңғы деректер бойынша 2810-ға жетті. Аудан төңірегінде облыстық маңызы бар "Доссор-Кұлсары-Ақтау" тас жолын су шайып кетті.
Ауданнан 36 738 адам, оның ішінде 8 382 бала эвакуацияланды. 10 мыңнан астам төрт түлік мал қауіпсіз жерге көшірілді.
2024 жылғы 5 сәуірден бастап Төтенше жағдайлар департаментінде "қауырт желі" жұмыс жасауда. Су тасқыны орын алғалы 129 қоңырау келіп түсті.
Сонымен қатар, эвакуацияланған тұрғындарға шұғыл-психологиялық көмек көрсетілуде.
Тасқын сумен бірнеше күннен бері күресіп жатқан жылыойлықтарға жан-жақтан қолдау көрсетіліп, гуманитарлық көмек келіп жатыр.