Министрлік елдегі су қоймаларының қазіргі жағдайы туралы хабарлады
© Пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиСергеевское водохранилище в СКО
© Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области
Жазылу
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су қоймаларының қазіргі жағдайы туралы хабарлады.
Қостанай облысында су тасқынының белсенді кезеңі өтті, өңірдегі екі ірі су қоймасы 92% су жинады.
Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% толды. су тасқыны жалғасып жатыр.
Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 70%-ға толды. Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 15-20 сәуірде келеді деп күтіліп отыр. Облыста министрліктің және облыс әкімдігінің мамандары бірлесіп су өткізуді реттеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көлемі 84,8%. Өңірде су тасқыны басталды, сондықтан Ертіс су қоймаларының каскады бойынша су жіберіліп жатыр.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 99% су жинады. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті, бірақ Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып келеді. Сондықтан Ақмола облысының Атбасар ауданында су тасқыны қаупі бар. Министрлік, өңір әкімдігі және ТЖД қауіптің алдын алу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 97%-ға толды. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 97%-ға толды. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы 100% толды, облыста су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Жағдай тұрақты.
Еліміздегі барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және сағат сайын мониторинг жалғасып жатыр.