Көпбалалы отбасыларға 116 миллиард теңгеден астам жәрдемақы берілді

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2024
Жазылу
Бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар жәрдемақы алуға өтініш бере алады
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. 2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін жалпы сомасы 116,6 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақылар орта есеппен 577,4 мың отбасын қамтыды, деп хабарлады Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Соның ішінде наурыз айында бұл жәрдемақыны 583,1 мың отбасы (39,4 млрд теңге) алған.
4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе бірге тұратын 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын отбасылар табысына қарамастан бұл мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш бере алады.
Төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2024 жылы мынаны құрады:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 14 768 теңге.
Айта кетері, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап баласы бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 7%-ға өсті.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.
Жаңалықтар
0