https://sputnik.kz/20240411/aqtobe-oblysynyn-yrgyz--audanyna-qosymsha-tekhnika-zhiberildi-43608060.html
Су тасқыны: Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қосымша техника жіберілді
Су тасқыны: Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қосымша техника жіберілді
Sputnik Қазақстан
Тасқын салдарынан жол учаскелерін су шайып кетуіне байланысты 12 елді мекен жол қатынасынсыз қалды 11.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-11T15:49+0500
2024-04-11T15:49+0500
2024-04-11T15:54+0500
су тасқыны
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605449_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3434aa4f8eedcaf4029f225bb4a67c15.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мұндай шешім Торғай өзенінің жағасында орналасқан ауылдардағы бөгеттерді тексеру нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.2024 жылғы 10 сәуірде вице-премьер Серік Жұманғарин төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге Ырғыз ауданындағы жол қатынасы үзілген ауылдардың үстінен ұшып өтті. Мұнда жергілікті төтенше жағдай режимі соңғы рет 8 сәуір күні жарияланды. Тасқын салдарынан жол учаскелерін су шайып кетуіне байланысты 12 елді мекен жол қатынасынсыз қалды. Ырғыз ауданында 2637 тұрғын үйде 2800-ден астам отбасы тұрады, оның ішінде 1282 үй Ырғыздың аудан орталығында орналасқан.Ырғыз ауылына барған жұмыс сапарында Серік Жұманғарин аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновпен су тасқынына қарсы жұмыстардың ағымдағы жағдайын талқылады. Әкім бір сағат бұрын ғана Мамыр және Нұра ауылдары орналасқан Торғай өзенінің жоғарғы ағысында су көтеріле бастағанын жеткізді. Жағдайдың ауқымын және жаңа су басу қаупін бақылау үшін премьер-министрдің орынбасары ұшу кезінде Ырғыз өңірінің жағдайын, Торғай өзенінің жоғары жағында орналасқан Ақтөбедегі Мамыр және Қостанай облысының Ақшығанақ ауылдарындағы бөгеттердің жай-күйімен танысты.Тексеру қорытындысына сәйкес Ақтөбе облысының Мамыр және Нұра ауылдарындағы бөгеттерді нығайту туралы шешім қабылданды. Ол үшін ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша әскери бөлімінен және Төтенше жағдайлар департаментінен 14 адам мен 8 техника (4 самосвал, 2 трал және 2 жүк тиегіш) жедел түрде ауданға жіберілді. Ақтөбеден Ырғызға дейін ара қашықтық 430 шақырым болса, Мамыр ауылына дейінгі ара қашықтық — 130 шақырым.Бүгін таңертең техника Ырғызға келіп үлгерді, жақын арада Мамыр мен Нұрада жұмысын бастайды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605449_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_6465bae17be14fc43f58db10b0cfe763.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, ақтөбе облысы
су тасқыны, ақтөбе облысы
Су тасқыны: Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қосымша техника жіберілді
15:49 11.04.2024 (жаңартылды: 15:54 11.04.2024) Тасқын салдарынан жол учаскелерін су шайып кетуіне байланысты 12 елді мекен жол қатынасынсыз қалды
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мұндай шешім Торғай өзенінің жағасында орналасқан ауылдардағы бөгеттерді тексеру нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
2024 жылғы 10 сәуірде вице-премьер Серік Жұманғарин төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге Ырғыз ауданындағы жол қатынасы үзілген ауылдардың үстінен ұшып өтті.
Мұнда жергілікті төтенше жағдай режимі соңғы рет 8 сәуір күні жарияланды. Тасқын салдарынан жол учаскелерін су шайып кетуіне байланысты 12 елді мекен жол қатынасынсыз қалды. Ырғыз ауданында 2637 тұрғын үйде 2800-ден астам отбасы тұрады, оның ішінде 1282 үй Ырғыздың аудан орталығында орналасқан.
Ырғыз ауылына барған жұмыс сапарында Серік Жұманғарин аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновпен су тасқынына қарсы жұмыстардың ағымдағы жағдайын талқылады. Әкім бір сағат бұрын ғана Мамыр және Нұра ауылдары орналасқан Торғай өзенінің жоғарғы ағысында су көтеріле бастағанын жеткізді. Жағдайдың ауқымын және жаңа су басу қаупін бақылау үшін премьер-министрдің орынбасары ұшу кезінде Ырғыз өңірінің жағдайын, Торғай өзенінің жоғары жағында орналасқан Ақтөбедегі Мамыр және Қостанай облысының Ақшығанақ ауылдарындағы бөгеттердің жай-күйімен танысты.
Тексеру қорытындысына сәйкес Ақтөбе облысының Мамыр және Нұра ауылдарындағы бөгеттерді нығайту туралы шешім қабылданды. Ол үшін ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша әскери бөлімінен және Төтенше жағдайлар департаментінен 14 адам мен 8 техника (4 самосвал, 2 трал және 2 жүк тиегіш) жедел түрде ауданға жіберілді. Ақтөбеден Ырғызға дейін ара қашықтық 430 шақырым болса, Мамыр ауылына дейінгі ара қашықтық — 130 шақырым.
Бүгін таңертең техника Ырғызға келіп үлгерді, жақын арада Мамыр мен Нұрада жұмысын бастайды.