https://sputnik.kz/20240410/resey-aumagynan-su-basu-qaupi-zhoq---qr-totenshe-zhagdaylar-ministrligi-43591952.html
Ресей аумағынан су басу қаупі жоқ - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі
Ресей аумағынан су басу қаупі жоқ - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі
Sputnik Қазақстан
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 97 071 адам құтқарылды, оның 32 735-і балалар 10.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-10T19:45+0500
2024-04-10T19:45+0500
2024-04-10T19:45+0500
ресей
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_0:0:3359:1890_1920x0_80_0_0_c375a5bd30f5b0911fff59e0e32c9fdf.jpg
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазіргі уақытта Ресейдің шекаралас облыстарынан Қазақстан облыстарын су басу қаупі жоқ, деп хабарлады брифингте Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл.Төтенше жағдайлар министрлігі, қорғаныс министрлігі және ұлттық ұланның ұшақтарымен құтқару жұмыстары жалғасуда. Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына автокөлікпен 893,5 мың кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Сондай-ақ ұшақпен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 мың келіден астам гуманитарлық көмек жеткізілді.Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 97 071 адам құтқарылды, оның 32 735-і балалар. Уақытша орналастыру орындарында 7606 адам болса, оның 3728-і балалар.
https://sputnik.kz/20240410/osimpul-eseptelmeydi-sudan-zardap-shekken-kasipkerlerdin-krediti-keyinge-qaldyrylady-43573230.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_b044467d4420da5e62833bb09a346016.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, су тасқыны
Ресей аумағынан су басу қаупі жоқ - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 97 071 адам құтқарылды, оның 32 735-і балалар
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазіргі уақытта Ресейдің шекаралас облыстарынан Қазақстан облыстарын су басу қаупі жоқ, деп хабарлады брифингте Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл.
"Апатты-құтқару жұмыстарына 25 мыңға жуық адам мен 3 мыңнан астам техника, 15 ұшақ жұмылдырылған. Шекаралас мемлекеттердің аумақтарынан су басу қаупі жоқ, Ресей Федерациясы Орынбор облысына қарасты Орск қаласындағы бөгет жарылуы жағдайы және БҚО аумағындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі бақылауда тұр", - деді ол.
Төтенше жағдайлар министрлігі, қорғаныс министрлігі және ұлттық ұланның ұшақтарымен құтқару жұмыстары жалғасуда. Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына автокөлікпен 893,5 мың кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Сондай-ақ ұшақпен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 мың келіден астам гуманитарлық көмек жеткізілді.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 97 071 адам құтқарылды, оның 32 735-і балалар. Уақытша орналастыру орындарында 7606 адам болса, оның 3728-і балалар.