Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО бас хатшысының орынбасары Украина бойынша келіссөз кезінде Ресейге сенбеуге шақырды

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуМәскеу
Мәскеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. НАТО Бас хатшысының орынбасары Мирча Джоанэ Ресей Украина бойынша бейбіт келіссөздерді қайта қарулану үшін пайдаланады деп санайды, сондықтан ол одақ елдерін Мәскеудің ұстанымына сақтықпен қарауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
"Ресейге сенуге болмайды. Егер олар ерте ме, кеш пе бейбітшілік туралы айта бастаса да, әңгіме бейбітшілік туралы емес, қайта қарулану және кейіннен қайта оралу үшін бітімге келу туралы болады. Біз үшін Украинаның НАТО-ға және Еуроодаққа жақындауына кепіл болу өте маңызды", - деді Джоанэ LBC радиосына берген сұхбатында.
НАТО бас хатшысының орынбасары сондай-ақ Украина Ресеймен келіссөзді бастау туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын айтты. Ол блоктың "Украинаны қолдауға моральдық және құқықтық міндеттемесі" бар екенін мәлімдеді.
Мәскеу келіссөзге дайын екенін бірнеше рет білдірді, бірақ Киев оларға заңнамалық деңгейде тыйым салды.
Вооруженный украинский военнослужащий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Америкалық экономист Украинадағы қақтығысты шешудің жолын атады
Жаңалықтар
0