https://sputnik.kz/20240410/batys-qazaqstanga-qyrgyzstannan-80-tonna-gumanitarlyq-komek-zhetti-43581079.html
Батыс Қазақстанға Қырғызстаннан 80 тонна гуманитарлық көмек жетті
Батыс Қазақстанға Қырғызстаннан 80 тонна гуманитарлық көмек жетті
Sputnik Қазақстан
БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бауырлас халыққа алғысын білдірді 10.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-10T13:29+0500
2024-04-10T13:29+0500
2024-04-10T13:29+0500
гуманитарлық көмек
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/403/33/4033301_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_faea9b17feac0af75c5720623f62d7a9.jpg
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Қырғыз Республикасынан қызыл судан зардап шеккен Батыс Қазақстанға 80 тонна гуманитарлық көмек келді, деп жазды "Мой город" порталы.Жүктің құрамына ең қажетті заттар кірген.БҚО-да су тасқынының екінші толқыны жақындап қалды. Мамандар сәуір айының екінші жартысында аймаққа тағы да үлкен су келеді деп болжап отыр.Еріктілер, қоғамдық қорлар, кәсіпкерлер және қарапайым азаматтар зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатыр. Қырғызстан да шетте қалмады. Көрші елден Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі жолға шықты.9 сәуірде Оралға төрт фура жүк келді. БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бауырлас халыққа алғысын білдірді.Айта кетері, жүргізушілер мен өкілдер үш мың шақырымнан астам жол жүрген. Жүктерді Қырғызстан Республикасы ТЖМ қызметкері Замирбек Нарчаев алып жүрді. БҚО халқының атынан оған сыйлық ретінде домбыра табысталды.Гуманитарлық көмек құрамына азық-түлік, төсек-орын, сусын және тұрмыстық заттар кірді. Жүктің жалпы салмағы 300 тонна, оның 80-і Оралға жеткізілді. Қалған гуманитарлық көмек басқа аймақтарға бөлінді.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/33/4033301_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5d805475b7c635a6b6e48b8000e0e3ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
гуманитарлық көмек, қырғызстан
гуманитарлық көмек, қырғызстан
Батыс Қазақстанға Қырғызстаннан 80 тонна гуманитарлық көмек жетті
БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бауырлас халыққа алғысын білдірді
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Қырғыз Республикасынан қызыл судан зардап шеккен Батыс Қазақстанға 80 тонна гуманитарлық көмек келді, деп жазды "Мой город" порталы.
Жүктің құрамына ең қажетті заттар кірген.
БҚО-да су тасқынының екінші толқыны жақындап қалды. Мамандар сәуір айының екінші жартысында аймаққа тағы да үлкен су келеді деп болжап отыр.
Еріктілер, қоғамдық қорлар, кәсіпкерлер және қарапайым азаматтар зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатыр. Қырғызстан да шетте қалмады. Көрші елден Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі жолға шықты.
9 сәуірде Оралға төрт фура жүк келді. БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бауырлас халыққа алғысын білдірді.
Айта кетері, жүргізушілер мен өкілдер үш мың шақырымнан астам жол жүрген. Жүктерді Қырғызстан Республикасы ТЖМ қызметкері Замирбек Нарчаев алып жүрді. БҚО халқының атынан оған сыйлық ретінде домбыра табысталды.
Гуманитарлық көмек құрамына азық-түлік, төсек-орын, сусын және тұрмыстық заттар кірді. Жүктің жалпы салмағы 300 тонна, оның 80-і Оралға жеткізілді. Қалған гуманитарлық көмек басқа аймақтарға бөлінді.