https://sputnik.kz/20240409/tasqynnan-zardap-shekken-onirlerdegi-balalar-daryn-zhane-nzm-mektep-internattarynda-oqidy-43562353.html
Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі балалар "Дарын" және НЗМ мектеп-интернаттарында оқиды
Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі балалар "Дарын" және НЗМ мектеп-интернаттарында оқиды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 сәуір - Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар оқуды "Дарын" және НЗМ мектеп-интернаттарында жалғастырады, деп хабарлайды үкіметтің... 09.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-09T22:16+0500
2024-04-09T22:16+0500
2024-04-09T22:16+0500
су тасқыны
білім
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31947960_0:104:3272:1945_1920x0_80_0_0_66bf82cf66fcb275b04e8e610d8537bf.jpg
АСТАНА, 9 сәуір - Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар оқуды "Дарын" және НЗМ мектеп-интернаттарында жалғастырады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Үкіметте су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңесте вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл механизмдер туралы толығырақ айтып берді. Қазір 115 оқушы білім алатын 130 қазақстандық мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр. Эвакуациялық орталықтардағы балалар келесідей бөлінуде: Вице-премьер міндет су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету екенін атап өтті."Алгоритм әзірленді, оны жұмаға дейін әкімдіктерге жеткіземіз. Бұл жұмысқа кәсіподақтарды, жеке меншік лагерьлер мен мектептерді, тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін ҚТЖ-ны, ЖОО оқытушыларын қосамыз. Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында балалар барлық қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады. Мектеп психологтарының жұмысы да ұйымдастырылған", — деді Тамара Дүйсенова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31947960_271:0:3002:2048_1920x0_80_0_0_c32a723d06626c1a8ec83cce0b64a362.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, білім
АСТАНА, 9 сәуір - Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар оқуды "Дарын" және НЗМ мектеп-интернаттарында жалғастырады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметте су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңесте вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл механизмдер туралы толығырақ айтып берді.
Қазір 115 оқушы білім алатын 130 қазақстандық мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр.
Эвакуациялық орталықтардағы балалар келесідей бөлінуде:
Бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) (207 бала ата-аналарымен бірге) оқу процесін толық ұйымдастыра отырып, сауықтыру орталықтарына (лагерьлерде) орналастырылады.
5-8 сынып оқушылары (1 577 бала) "Дарын", БИЛ, НЗМ мектеп интернаттарына орналастырылады.
Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) (213 бала) колледждер мен жоғары оқу орындарына уақытша орналастырылады.
Вице-премьер міндет су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету екенін атап өтті.
"Алгоритм әзірленді, оны жұмаға дейін әкімдіктерге жеткіземіз. Бұл жұмысқа кәсіподақтарды, жеке меншік лагерьлер мен мектептерді, тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін ҚТЖ-ны, ЖОО оқытушыларын қосамыз. Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында балалар барлық қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады. Мектеп психологтарының жұмысы да ұйымдастырылған", — деді Тамара Дүйсенова.