Қандастар Қазақстанға қай елдерден оралып жатыр
© SputnikҚандастар Қазақстанға қай елдерден оралып жатыр
© Sputnik
Жазылу
Өткен жылы елімізге 21 325 қандас келсе, оның 12 829-ы еңбек жасындағылар, деп хабарлады Қазақстанның еңбек министрлігі. Биыл қандастар мен оралмандар квотасы бойынша 9 483 адам келеді деп жоспарлануда, деп бөлісті ведомстводағылар
© SputnikҚандастар Қазақстанға қай елдерден оралып жатыр
Қандастар Қазақстанға қай елдерден оралып жатыр
© Sputnik
Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтың айтуынша, қандастарды қоеыстандырк бес бағытта жүргізілуде.
Қазақстанда сұранысқа ие мамандық иелері өз бетінше жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие және кез келген өңірге қоныс аударуға жіберіліп, кандас мәртебесін алады.
Қазақстан азаматтарының арасында жақын туыстары барлар туыстары тұратын өңірлерге қоныс аударуға жіберіледі.
Сұранысқа ие кәсібі және жақын туыстары болмаған жағдайда этникалық қазақтар мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін үкімет белгілеген өңірлерге жіберіледі.
Сондай-ақ, кандастар демографиялық дамуды қажет ететін агломерациялық аймақтар мен ауылдық елді мекендерге, қалаларға жіберіледі.
Қоныстандырудың бесінші бағыты Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін қарастырылған.
Қоныс аударғандарды қабылдайтын аймақтарды республика үкіметі белгілейді.
Мемлекет қоныс аударғандарға мынандай көмек көрсетеді:
қоныс аударуға арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, 2024 жылы 3 692 теңге), немесе 258 440 теңге көлемінде біржолғы төлем;
бір отбасына ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (55 380 теңгеден 110 760 теңгеге дейін) төленетін тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын жабуға арналған субсидия;
қоныс аударуға көмек көрсететін жұмыс берушілерге 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшеріндегі субсидия.
қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама;
жұмыспен қамтуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
1991 жылдан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін 1,128 миллион этникалық қазақ тарихи отанына оралды, деп хабарлады еңбек министрлігі.