Наталья Годунова жаңа қызметке кірісті

© Sputnik / Санат ИмангалиевНаталья Годунова
Наталья Годунова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2024
Жазылу
Наталья Годунова 1 сәуірде Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы қызметінен босатылған болатын
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатасы мен Есеп комитетінің бұрынғы басшысы Наталья Годунова "Қазақстан темір жолы" АҚ тәуелсіз директоры болды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен Наталья Николаевна Годунова "ҚТЖ" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды", - делінген ұлттық компанияның хабарламасында.
Годунова 1 сәуірде Жоғары аудиторлық палатасының басшысы қызметінен босатылды.

Наталья Годунова туралы не белгілі

Наталья Годунова еңбек жолын "Урал" агроөнеркәсіптік банкі" несие бөлімінің экономист маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдерінің кеңесшісі қызметін атқарды, сонымен қатар Қазақстан премьер-министрінің экономика бойынша орынбасарының кеңесшісі және "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған.
Орталық сайлау комитетінің мүшесі лауазымын иеленген.
2018 жылғы ақпаннан бастап - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
2022 жылғы 28 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0