Еңбек министрлігі су тасқынына байланысты өтемақы төлейтіні туралы жалған ақпарат тарады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты купюры
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Белгісіз тұлғалар төлемдерді алу үшін "Толығырақ" батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді ұсынады.
"Хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін ешбір жағдайда сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Айта кетері, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жергілікті атқарушы органдар біржолғы төлем түрінде көмек көрсетеді. Олардың мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке-жеке белгіленеді.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Жаңалықтар
0