Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды

© Photo : Пресс-служба акима Абайской области Абай облысындағы су тасқыны
Абай облысындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді.
"Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді", - делінген хабарламада.
Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды.
"Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құрамыз", — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Жаңалықтар
0