Шенген визасын алу үшін жалған құжат ұсыну фактілері жиілеп кетті – СІМ үндеу жасады

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуАрхивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы
Архивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Қазақстандықтар ұшақ билетін брондағаны, банктегі шоты, жалақысы туралы жалған деректер ұсынуда
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі шенген визасын алу кезінде жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеп кеткендіктен, қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазіргі таңда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақ елдерімен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алайда белгілі бір қиындықтар бар.
"Еуропа елдері консулдарының ақпаратынша, Қазақстанда жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеп кетті. Бұл өз кезегінде шенген визасын беруден бас тарту фактілерінің өсуіне алып келеді. Виза алу үшін жалған фактілері бар құжаттарды ұсыну Қазақстанның имиджіне елеулі зиян келтіріп, визалық режимді либерализациялау бойынша келіссөздерді жүргізуді қиындатады. Сондай-ақ болашақта визадан бас тарту мүмкіндігін арттыра отырып, азаматтарымыздың визалық тарихын нашарлатады", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, айтуынша, мұндай құжаттар, оларды мұқият тексеру қажеттілігіне байланысты, визалық өтініштерді қарау мерзімін ұзартады. Соның салдарынан азаматтардың визаны кешіктіру туралы шағымдары жиілеп кетті.
Осы орайда Смадияров отандастарымыз көбіне қандай құжаттарды қолдан жасайтынын атап өтті.
"Біздің азаматтар жалған мәлімет беріп жатыр. Олар ұшақ билетін брондағаны туралы жалған ақпарат береді немесе қонақүйдің жалған деректерін көрсетеді, жұмыс істеп жатқан орыннан жалған ақпарат алып келеді. Сондай-ақ айлығы, банктегі шоты туралы да жалған ақпарат береді. Мұның бәрін виза орталығы консулмен бірге тексереді. Бұл уақыт алады", - деп түсіндірді СІМ ресми өкілі.
Айтуынша, жалған ақпарат берген адам олардың арнайы тізіміне енгізіледі. Келешекте оған виза алу қиын болады.
"Сондықтан қазақстандықтар нақты ақпарат беруі керек. Бұл бәріне әсер етіп жатыр", деп ескертті Смадияров.
Жаңалықтар
0